banner

Жаңалықтар

Сингапурда WRO 2025 басталды

news

26 қараша 2025

Бүгін Сингапурда World Robot Olympiad 2025 робототехника олимпиадасының әлемдік кезеңі басталды.

100-ге жуық елден келген оқушылар инженерлік ойлауын, шығармашылығын, техникалық дағдыларын және командамен жұмыс істеу қабілетін көрсетіп, халықаралық аренада өз елдерінің намысын қорғауда.

Қазақстан атынан бұл беделді додаға 11 команда қатысып жатыр. Олар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттарында жарысып, ұлттық құраманың мәртебесін жоғары деңгейде танытуды мақсат етіп отыр.

Халықаралық жарыс 26–28 қараша аралығында өтеді.

– Қазақстандық оқушылар жыл сайын өз әлеуетін кеңейтіп, күрделі инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын тереңдетіп келеді. WRO – олардың әлемдік тәжірибемен тоғысып, жаңа идея жинайтын маңызды алаңы, – деп атап өтті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов.

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері – 2014 жылдан бері WRO-ның Қазақстандағы ресми ұлттық ұйымдастырушысы. Осы уақыт ішінде NIS мыңдаған оқушыны робототехникамен таныстырып, еліміздегі инженерлік білімнің дамуына тұрақты серпін беріп келеді.

Ұлттық құрамаға сәттілік тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-