banner

Оқуға түсу

Құжаттар тізімі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау екі жолмен жүзеге асырылады:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

2) Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш тапсыру үшін:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталына авторизация жасап «Онлайн сұрау» түймесін басыңыз;

2) өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба), СМС-құпия сөз (міндетті түрде мобильді азаматтар деректер базасында тіркелу қажет), QR-код, бұлтты ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;

3) Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келетін өтінішті өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

«Электрондық үкімет»веб- порталына тіркелетін құжаттар:

1) конкурсқа қатысуға өтініш және заңды өкілді ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы келісім;

2) құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесі;

3) үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуреті.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті Зияткерлік мектеп «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыратын құжаттар тізімі:

  • өтініш; Жүктеу

  • сауалнама; Жүктеу

  • үміткердің туу туралы куәлігі/жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, құжат қолыңызға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;

  • үміткердің заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, құжат қолына қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;

    Қажет болған жағдайда, қабылдау комиссиясының талабына сәйкес үміткердің заңды өкілдері үміткердің Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс.

  • үміткердің ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі. Табельдің көшірмесі мектеп басшының қолымен және мөрімен куәландырылуы тиіс.

  • құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен мемлекеттік немесе орыс тіліндегі оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін, немесе осы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың, басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;

  • үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуреті.

Фотосуретке қойылатын талаптар:

  • алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;

  • көздері ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;

  • бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;

  • өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;

  • өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).

Рұқсат етілмейді:

  • бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;

  • компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға

  • сенімхат (үміткердің заңды өкілінің атынан үшінші тұлға өтініш берген жағдайда).

Қағаз түрінде құжат тапсырғанда барлық құжаттар пластикалық папкаға тігіліп тапсырылады.

Үміткерлерде кешенді тестілеу күндері өзімен бірге түрлі-түсті принтерде басып шығарылған рұқсат қағазы болуы қажет.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға келесілер негіз болады:

- үміткердің фотосуретінің талаптарға сәйкес келмеуі;

- табель / анықтама немесе білім беру ұйымының өзге ресми құжатының талаптарға сәйкес келмеуі;

- өтініштің немесе конкурсқа қатысу үшін рұқсаттаманың бар болуы;

- заңды өкілдер тапсырған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;

- ұсынылған құжаттардың және (немесе) материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі;

- үміткердің заңды өкілінің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шектеулі қолжетімді дербес деректерге қол жеткізуге берген келісімінің болмауы.