banner

Жаңалықтар

NIS ұстаздары TikTok байқауында жеңіске жетті

news

13 қаңтар 2026

TikTok платформасы жыл сайын ұйымдастыратын #ҚазақстанМұғалімдері байқауында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтері еліміздегі ең үздік әрі шабыт беретін мұғалімдердің қатарына енді.

Биыл төртінші рет өткен байқау Қазақстанның барлық өңірлерінен мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының педагогтерін біріктірді. Жоба цифрлық ортада білім берудің жаңа форматтарын дамытудағы мұғалімдердің рөлін көрсетіп, қысқа әрі мазмұнды бейнероликтер арқылы күрделі оқу материалын түсінікті жеткізуге және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің екі педагогі жеңімпаз атанды. Олар – Талдықорғандағы NIS-тің химия пәні мұғалімі Әсем Рахимова және Тараздағы NIS-тің физика пәні мұғалімі Мирлан Джусамбаев.

Мирлан Джусамбаев (@physicsphenom) өз бейнероликтерінде күрделі физикалық құбылыстарды көрнекі тәжірибелер мен визуалды мысалдар арқылы түсіндіріп, академиялық білімді практикалық көрсетіліммен ұштастырады.

Ал Әсем Рахимова (@rakhimovaassem) химиялық тақырыптарды музыкалық және креативті форматта ұсынып, негізгі ұғымдарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізеді. Бұл тәсіл оқушыларға пәнді оңай қабылдауға және білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, #ҚазақстанМұғалімдері байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтті.