banner

Жаңалықтар

NIS-те республикалық олимпиаданың желілік кезеңі аяқталды

news

12 қаңтар 2026

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9–12-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі аяқталды.

Желілік кезеңге еліміздің барлық өңірлеріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 1218 оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өз білімдері мен дайындық деңгейін көрсетті.

Қорытынды нәтижелер бойынша 571 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, 1 орынды 99 оқушы, 2 орынды 192 оқушы, үшінші орынды 280 оқушы иеленді. Сонымен қатар 24 қатысушы грамотамен марапатталды.

Желілік кезеңнің қорытындысына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасынан республикалық деңгейде білім бәсекесіне қатысатын үміткерлер айқындалып, олардың тізімі қалыптастырылады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің толық тізімі төмендегі сілтемеде ұсынылған:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі