Жаңалықтар
Жәутіков олимпиадасында NIS оқушылары 19 жүлдеге ие болды
15 қаңтар 2026
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары халықаралық деңгейдегі беделді білім сайысы – XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, математика, физика және информатика пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша NIS командасы 6 алтын, 5 күміс және 8 қола еншілеп, жоғары дайындық деңгейі мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Алтын медаль иегерлері:
Математика:
– Эльдар Усенов – NIS Алматы-Медеу
– Дәулет Баякышов – NIS Талдықорған
Физика:
– Азамат Аймұратов – NIS Алматы-Медеу
– Әмірбек Азатбеков – NIS Астана-Нұра
– Дамир Құрман – NIS Астана-Нұра
Информатика:
– Әкежан Асқар – NIS Семей
Күміс медаль иегерлері:
Математика:
– Санжар Ержанов – NIS Алматы-Медеу
– Арнұр Кәрібай – NIS Алматы-Медеу
– Давид Чарлин – NIS Алматы-Медеу
– Игорь Сапрыкин – NIS Қостанай
Физика:
– Арғын Сейткамит – NIS Астана-Нұра
Қола медаль иегерлері:
Математика:
– Ескендір Дүйсебаев – NIS Астана-Нұра
Физика:
– Мейіржан Құдабаев – NIS Ақтау
– Бекарыс Ташмұханбет – NIS Алматы-Медеу
– Нариман Ертлеу – NIS Астана-Нұра
– Батырхан Шеруен – NIS Атырау
– Айдархан Кәрімберген – NIS Павлодар
Информатика:
– Батыр Ерденов – NIS Қарағанды
– Эмин Акбатыров – NIS Талдықорған
Айта кетейік, олимпиада Алматы қаласында өтіп, әлемнің 16 елінен келген 612 дарынды оқушыны біріктірді.