Жаңалықтар
NIS ұстаздары «Педагогикалық идеялар фестивалінде» жүлделі орындарға ие болды
12 қаңтар 2026
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысып, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған авторлық және инновациялық жобаларын ұсынды.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған педагогтер:
Алматыдағы NIS-тің (Медеу ауданы) физика пәні мұғалімі Дамир Еркмалиев – I орын
«Әрбір оқушыға қолжетімді физикалық эксперимент: Arduino және Tinkercad арқылы зертханалық зерттеулер».
Өскемендегі NIS-тің математика пәні мұғалімі Бақытгүл Раисова – I орын
«STEAM және Desmos: математиканы концептуалды түсінудің тиімді моделі».
Оралдағы NIS-тің тарих пәні мұғалімі Лариса Бердіғалиева – II орын
«Ұлттық кино және тарихи дерек: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту».
Павлодардағы NIS-тің география пәні мұғалімі Алия Қасымова – грамота
«GeoSpace: бір платформа – мың мүмкіндік».
Семейдегі NIS-тің математика пәні мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин – қатысушы сертификаты
«Мектептің цифрлық менеджменті: Power BI көмегімен жүктеме мен сапа тепе-теңдігін сақтау».
Аталған жетістіктер NIS педагогтерінің жоғары кәсіби дайындығын және білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижелілігін көрсетеді.
Айта кетейік, «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы мұғалімдердің шығармашылық бастамаларын қолдауға, кәсіби өсуіне серпін беруге, сондай-ақ қазақстандық білім беру ұйымдарында жинақталған үздік педагогикалық тәжірибені зерделеу мен кеңінен таратуды көздейді.