banner

Жаңалықтар

NIS-тің жас математиктері халықаралық олимпиадада үздік атанды

news

13 наурыз 2026

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары екі беделді халықаралық білім сайысында – «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында және Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының жүлдегерлері:

I орын

Игорь Сапрыкин – NIS Қостанай

II орын

Эльдар Усенов – NIS Алматы–Медеу

Ескендір Дүйсебаев – NIS Астана–Нұра

Дәулет Баякышов – NIS Талдықорған

III орын

Санжар Ержанов – NIS Алматы–Медеу

Дидар Жалғасбаев – NIS Қостанай

Давид Чарлин – NIS Алматы–Медеу

Арнұр Кәрібай – NIS Алматы–Медеу

Алдияр Мұхитұлы – NIS Алматы–Медеу

Мұхаммадсолих Абдуғафаров – NIS Алматы–Медеу

Мейірбек Мұрат – NIS Орал

Азия–Тынық мұхиты халықаралық математикалық олимпиадасының жүлдегерлері:

II орын

Эльдар Усенов – NIS Алматы–Медеу

Ескендір Дүйсебаев – NIS Астана–Нұра

III орын

Мұхаммадсолих Абдуғафаров – NIS Алматы–Медеу

Арнұр Кәрібай – NIS Алматы–Медеу

Давид Чарлин – NIS Алматы–Медеу

Айта кетейік, олимпиада қашықтан өткізіліп, қатысушылар күрделі математикалық есептерді орындау арқылы өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.

«Жібек жолы» математикалық олимпиадасы – Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің жас математиктерін біріктіріп, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған халықаралық білім сайысы. Биылғы жарысқа Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және басқа да мемлекеттердің оқушылары қатысты. Ал Азия–Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында әлемнің 40-қа жуық елінің оқушылары бақ сынады.