banner

Жаңалықтар

NIS ұстаздары «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық олимпиадасында топ жарды

news

11 наурыз 2026

Бүгін Алматы қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас педагогтері үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындарды иеленді.

I орын:

Әлішер Уайесов – химия пәні мұғалімі, NIS Астана–Нұра – «Дербестендірілген оқыту негізінде олимпиадаға жүйелі дайындау – дарынды оқушыны қалыптастырудың тиімді моделі» тақырыбы

II орын:

Нұрай Нұрыш – физика пәні мұғалімі, NIS Түркістан – «Физика пәнін ұлттық ойындармен кіріктіре отырып, дарынды оқушының функционалдық және тұлғалық әлеуетін дамыту» тақырыбы

III орын:

Орынбек Қапар – география пәні мұғалімі, NIS Ақтөбе – «GEOMentor» цифрлық оқыту платформасы» тақырыбы

Айгерім Тайшыман – ағылшын тілі пәні мұғалімі, NIS Өскемен – «Not Another Textbook by students» тақырыбы

Олимпиада TED стиліндегі сөйлеу форматында өтті. Бұл қатысушыларға қысқа уақыт ішінде тыңдаушыларға маңызды ой тастап, жаңа идеялар ұсынуға және оларды нақты іс-әрекетке шабыттандыруға мүмкіндік береді. Жас ұстаздар өз идеяларын тек ақпаратпен ғана емес, тәжірибеге негізделген ұсыныстармен және шабыттандыратын ойлармен бөлісті.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-