Жаңалықтар
NIS оқушылары Президенттік олимпиададан 15 медаль жеңіп алды
21 қараша 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жаратылыстану-математика бағытындағы XVIII Президенттік олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы республикалық білім сайысына NIS жүйесінен 18 оқушы қатысып, олардың 15-і жүлдеге ие болды. Жалпы қорытынды бойынша шәкірттер 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
Олимпиада 11–12-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, өңірлік, іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрды. Әрбір кезеңде қатысушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды терең меңгеруді талап ететін күрделі тапсырмаларды орындады.
1-орын
Нұрасыл Әбен – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Ілияс Ұзақов – Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы NIS
Даниял Орысхан – Қарағандыдағы NIS
Батыpхан Құттымұрат – Ақтөбедегі NIS
Ернұр Исмак – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Бектас Смянов – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
Аслан Әжібаев – Павлодардағы NIS
Әлібек Өмірбаев – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
2-орын
Дулат Сәлімжан – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
Әлия Нұрғазиева – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS
Айғаным Ғалымова – Павлодардағы NIS
Айбек Ынтықбай – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS
3-орын
Нұрали Байботаев – Семейдегі NIS
Мирас Тойымбетов – Қостанайдағы NIS
Ерасыл Жеңіс – Көкшетаудағы NIS