banner

Жаңалықтар

NIS мұғалімдерінің авторлық әдістемелері үздік жобалар қатарында

news

06 желтоқсан 2025

Алматыда өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында NIS педагогтері өздерінің кәсіби әлеуетін айқын көрсетті. Ұсынылған авторлық жобалар жаңашыл мазмұнымен, ғылыми негізімен және практикалық құндылығымен жоғары бағаланып, бірнеше мұғалім жүлдегер атанды.

1-орын иегерлері:

Наталья Ким – Талдықорғандағы NIS, информатика пәні, «CodeQuestC++: путь к олимпиаде» бағдарламасы.

Марал Жунусбаева – Астана-Нұра NIS, география пәні, «Ғылымдар интеграциясы: Геология негіздері» бағдарламасы.

2-орын иегерлері:

Алмас Садвакасов – Қостанайдағы NIS, география пәні, «Тұрақты даму географиясы» бағдарламасы.

Сымбат Мажиков – Семейдегі NIS, ағылшын тілі пәні, «Критическое мышление и решение задач для NUET» бағдарламасы.

Айта кетейік, байқауды жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Авторлық бағдарламалар білім мазмұнын жаңғыртуға, оқушылардың ойлау мәдениетін дамытуға және пәндік тереңдетілген оқытуды жүзеге асыруға үлес қосады.