Ата-аналар университеті

Ата-аналар университеті  - бұл ата-аналардың педагогикалық мәдениетін және балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыруға бағытталған білім беру жобасы.  Ата-аналар университеті - ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасын, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысын нығайтуға мүдделі әкімшілік, педагогикалық қызметкерлерді біріктіретін, Зияткерлік мектеп оқушыларын тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастырады.

Университеттің міндеттері:

  • ата-аналарға үздіксіз психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесін құру, заманауи ата-ана құзыреттерін қалыптастыру, ел болашағының игілігі үшін өзінің ішкі өзгерісінің қажеттілігін, жауапты ана мен әке болуды сезіну;
  • қазақстандық отбасының дәстүрлі қағидаттары мен өмір салтын жаңғырту, ерлі-зайыптылық қатынастарды үйлестіру, отбасы мен қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды бекіту, отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін тарату;
  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасау, ауытқуларды түзету, тұлғаның стресске төзімділігін арттыру.

Ата-аналар Университетінің сабақтарын ұйымдастырып өткізуде педагог-ұйымдастырушы-кураторлар, педагог-психологтар, кәсіптік бағдар беру кеңесшілері және пән мұғалімдері белсене қатысады.  Сонымен қатар, сабақтарды өткізу үшін қоғам өкілдері, әртүрлі қоғамдық ұйымдардың мамандары, белсенді азаматтық ұстанымдары бар  қоғам қайраткерлері тартылады.

Университеттегі оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамыр аралығын қамтиды. Университеттегі оқу процесі арнайы бектілген күнтізбелік-тақырыптық оқу жоспары негізінде жүргізіледі. Оқу жоспарына сәйкес ата-аналар университетінде оқу жылында кемінде төрт сабақ ұйымдастырылады. Университеттің оқу жылындағы жұмысы қорытынды іс-шарамен (ата-аналар конференциясы, ата-аналар оқулары және т.б.) аяқталады.