Жаңалықтар
Таразда желілік NIS Hackathon 2026 байқауының үздіктері анықталды
20 наурыз 2026
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 9–12 сынып оқушыларына арналған желілік NIS Hackathon 2026 байқауы өтті. Ауқымды шара еліміздің барлық өңірінен жиналған NIS оқушыларын біріктіріп, технологиялық жоба әзірлеу, тәжірибе алмасу және командалық жұмыс дағдыларын дамыту алаңына айналды.
Ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов байқау форматының ерекшелігіне тоқталды:
– Биыл командалар кездейсоқ сандар генераторы арқылы жасақталды. Бұл әртүрлі мектеп оқушыларының бір командада жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Назарбаев Зияткерлік мектептері – біртұтас орта, сондықтан мұндай формат тәжірибе алмасуға, жаңа идеялардың пайда болуына және шығармашылық өзара ықпалдастықтың нығаюына ықпал етеді.
NIS Hackathon – қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мобильді қосымшалар, веб-сервистер және өзге де цифрлық өнімдердің прототиптерін әзірлейтін қарқынды форматтағы байқау. Конкурс мектепішілік іріктеу және желілік финал кезеңдерінен тұрды.
Қатысушылардың жұмыстарын ақпараттық технологиялар саласының сарапшылары – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Нархоз университеті, EPAM Kazakhstan, NEO ATLANTIS LLP және BeyimTech компаниясының өкілдері бағалады.
24 сағат ішінде оқушылар өз жобаларын әзірлеп, кейін қазылар алқасына таныстырды. Әр командаға 10 минут беріліп, онда идеяны таныстыру, жұмыс істейтін прототипті көрсету және сарапшылардың сұрақтарына жауап беру қамтылды. Командалық жұмыс нақты рөлдерді бөлу қағидатына негізделді: қатысушылар UX-дизайнер, frontend және backend әзірлеуші, сондай-ақ салалық сарапшы ретінде жұмыс атқарды.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Сонымен қатар үздік техникалық шешім, креативті көзқарас және жоғары деңгейдегі презентация үшін арнайы номинациялар табысталды. Қатысушыларды әрі қарай қолдау мақсатында ақпараттық технологиялар мен инженерия бағытында білім алуға арналған білім беру гранттары берілді.
1 орын «Commit & Pray» – Шыңғыс Мағауия (NIS Oskemen), Арнұр Тайлан (NIS Shymkent-Karatau), Қайсар Амангелдиев (NIS Taraz), Ақарыс Ақпан (NIS Shymkent-Abay)
2 орын «JAEZ» – Ернар Талғат (NIS Astana), Джафар Мажитов (NIS Aktobe), Азамат Белгібаев (NIS Almaty-Nauryzbay), Жанкелді Дарменов (NIS Pavlodar)
«balapandar» – Айсұлтан Әуелбай (NIS Taldykorgan), Сұлтанмахмуд Қуатбаев (NIS Astana), Данил Барбашин (NIS Pavlodar), Ақарыс Қарымсақ (NIS Aktau)
3 орын
«parquet» – Артем Лавреньтев (NIS Almaty-Medeu), Ерасыл Кабдырашит (NIS Oskemen), Нурахмет Хамидолла (NIS Astana-Nura), Юсуф Мухамбеткалиев (NIS Kokshetau)
«Miami heat» – Дінмұхаммед Ынтықбай (NIS Taraz), Әміржан Бауыржан (NIS Oral), Ернар Марс (NIS Astana), Нұрали Мубараков (NIS Taldykorgan)
«Команда 2» – Керей Бердышев (NIS Aktobe), Дамир Камалов (NIS Almaty-Medeu), Мағжан Қойлыбай (NIS Shymkent-Karatau), Зиеда Абдугаппарова (NIS Turkistan).
«Үздік техникалық шешім» номинациясының иегері:
«Vortex» – Алтайыр Ескендір (NIS Astana-Nura), Ақарыс Саматұлы (NIS Aktau), Аян Манкеев (NIS Oral), Бахыт Жаканов (International Steppe School of Almaty)
«Үздік презентация» номинациясының иегері:
«Өмір ғажап» – Кирилл Юн (NIS Atyrau), Ерасыл Бостан (NIS Taraz), Максим Косов (NIS Aktobe), Бауыржан Әмірғалиев (NIS Kostanay)
«Ең креативті шешім» номинациясының иегері:
«NISJemel» – Рукнуддин Ашим (NIS Shymkent-Karatau), Ануар Дюсупов (NIS Almaty-Nauryzbay), Карим Аубакиров (International Steppe School of Almaty), Арнур Артықбай (NIS Taraz).