banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы экономика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды

news

25 тамыз 2025

Астана қаласының Нұра ауданы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен беделді EO-2025 экономика пәні бойынша халықаралық олимпиадасында бірінші орынға ие болды.

Биыл олимпиадаға ұлттық іріктеу кезеңдерінен өткен 100 мыңнан астам үміткер қатысты. Финалға 28 елден 128 үздік оқушы жолдама алды. Қатысушылардың алдында теориялық тапсырмалармен қатар, нақты экономикалық жағдайларды талдау мен шешімдерді модельдеуді қамтыған практикалық кейстерді орындау міндеті тұрды.

Батырхан барлығынан озық нәтиже көрсетіп, АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланд, Польша, Чехия және басқа да мемлекеттердің өкілдерін артта қалдырып, абсолютті чемпион атанды.

Бұл жеңіске жету жолы да толайым табыстарға толы болды. Батырханның жолын айқындаған жетістіктер қатарында экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиададағы қола, 2024 жылы Гонконгтағы IEO-2024-тегі қола, 2025 жылы Әзербайжанда өткен IEO-2025-тегі алтын медаль және EFI олимпиадасындағы жеңіс бар. Енді жас экономистің жетістіктер қоржыны EO-2025 олимпиадасының абсолютті алтынымен толықты.