 
    Жаңалықтар
NIS Conference 2025: абстрактілерді қабылдау басталды
 
                    08 сәуір 2025
Бүгін «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар» атты халықаралық конференцияға абстрактілерді қабылдау басталды. Конференция 2025 жылы 30–31 қазан күндері Астана қаласында өтеді.
Сіздерді төменде көрсетілген бағыттар бойынша секциялық отырыстарға белсене қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарыңыз бен тың идеяларды ортаға салуға шақырамыз:
- Болашақтың технологиялары мен білім беру ресурстары 
- Білім берудегі көшбасшылық және басқару 
- Мұғалімдерді оқыту және кәсіби даму 
- Оқу бағдарламалары, пәндік білім және көптілді білім беру 
- Білім сапасын бағалау және мониторинг 
- Балалардың тәрбиесі, дамуы және әл-ауқаты 
Абстрактілерді https://conf.nis.edu.kz/ сайтында 2025 жылғы 14 шілдеге дейін жолдауға болады.
Халықаралық кәсіби ортада тәжірибе алмасып, білім беру саласының дамуына үлес қосу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!
