banner

Жаңалықтар

NIS-те әдістемелік жетекшілік бойынша республикалық семинар өтті

news

27 ақпан 2026

Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырған әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған семинар өтті. Жиынға еліміздің өңірлеріндегі барлық Зияткерлік мектептердің 100-ге жуық жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

Шараның ашылуында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов әдістемелік бірлестіктердің стратегиялық бағыттарын нақтылап, білім сапасын арттыруда жүйелі әрі жоспарлы көзқарастың маңызды екенін атап өтті.

– Білім сапасы әр адамның күнделікті жұмысы арқылы жүйелі түрде қалыптасады, ал әдістемелік бірлестіктер осы үдерісте басты рөл атқарады. Бірлестік жетекшілері маңызды мәселелерге назар аударып, практикалық отырыстар өткізіп, мұғалімдерге коучинг және жеке көмек көрсетуі керек. Нәтижелі практикаларды енгізіп, оларды педагогтар арасында тарату маңызды, – деді Сабыржан Садуақасов.

Екі күн бойы қатысушылар әдістемелік жетекшілік, формативті бағалау, басқару тәжірибелері, кәсіби қауымдастықтарды дамыту және заманауи білім беру құралдарын енгізуге арналған тренингтер, практикалық сабақтар мен аналитикалық сессияларға қатысты.

Алғашқы күні әдістемелік бірлестік жетекшісінің рөлі, жұмысты автоматизациялау құралдары, сабақты жоспарлау кезінде психологиялық деректерді пайдалану және формативті бағалау мәселелері қарастырылды. Екінші күні жұмыс пәндік секцияларда жалғасып, қатысушылар кадрлық мәселелерге байланысты басқару шешімдерін, оқытуда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін, Lesson Study және Action Research практикаларын талқылап, практикалық іс-тәжірибелер мен бағалау құралдарын игерді.

Семинар бірізді тәсілдерді қалыптастыру мен нәтижелі практикалармен алмасуға арналған алаңға айналды. Әдістемелік бірлестіктердің жүйелі және жан-жақты жұмысы Зияткерлік мектептерде білім сапасының тұрақты өсуі үшін негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-