banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары «Зерде» республикалық зерттеу байқауында жоғары нәтиже көрсетті

news

23 ақпан 2026

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 2–7-сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткен XXI республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам оқушы қатысып, 260 зерттеу жобасын ұсынды. Жұмыстар келесі секциялар бойынша бағаланды: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих және өлкетану, этномәдениеттану, технология және өнер.

Республикалық кезең қорытындысы бойынша NIS оқушылары дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

II орын иегері:

Нұрасыл Әбдікер – NIS Қызылорда (қазақ тілі мен әдебиеті секциясы)

III орын иегерлері:

Нұрасыл Бейсен – NIS Қарағанды (тарих және өлкетану секциясы)

Наргиза Кирейханқызы – International Steppe School of Astana (этномәдениеттану секциясы)

Грамота иегері:

Сұлтан Керімбек – NIS Талдықорған (ағылшын тілі секциясы).