Жаңалықтар
NIS командалары FIRST Championship 2026 әлемдік финалында Қазақстан атынан өнер көрсетеді
16 ақпан 2026
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «FIRST Robotics, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» робототехника чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетті.
NIS командалары АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship 2026 әлемдік финалына жолдама алып, Қазақстанның ұлттық құрамасына енді.
FIRST Championship – FIRST (For Inspiration and Recognition of Science and Technology) бағдарламасының маусымдық қорытынды әлемдік чемпионаты. Бұл додаға әлемнің ондаған елінен іріктелген ең үздік командалар қатысады.
FIRST Tech Challenge санатында:
• «xCeption» – NIS Астана-Нұра
• «Panheya» – NIS Алматы-Медеу
• «OVERTIME» – NIS Шымкент-Қаратау
FIRST LEGO League Challenge санатында:
• «Tidal Tumble» – NIS Орал
Сонымен қатар NIS командалары бірқатар халықаралық жарыстарға қатысу құқығына ие болды.
NIS Алматы-Медеу мектебінің «ORCHID» командасы Қытайдың Бейжің қаласында өтетін «China FIRST LEGO League Off-Season 2026» турнирінде өнер көрсетеді.
NIS Шымкент-Абай мектебінің «WiNIS» командасы Болгарияның Бургас қаласында ұйымдастырылатын «FIRST LEGO League Robotics Festival» халықаралық фестиваліне қатысады.
Ал NIS Алматы-Медеу мектебінің «Phobos», NIS Шымкент-Қаратау мектебінің «STRIKE», NIS Алматы-Наурызбай мектебінің «NEURA» және NIS Астана-Нұра мектебінің «xCellence» командалары FIRST бағдарламасы аясындағы Premier Events 2026 халықаралық турнирлеріне жолдама алды. Premier Events – шақыру арқылы өткізілетін беделді халықаралық жарыстар, олар Солтүстік Америка, Еуропа және Азия елдерінде ұйымдастырылады.
Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша NIS командалары түрлі беделді марапаттарға ие болды. Командалар инженерлік дизайн, стратегиялық шешім, зерттеу жұмысы және командалық мәдениет бағыттары бойынша марапатталды.
«XLNC Nova» (NIS Астана-Нұра) – Robot Performance Finalist Award
xCeption» (NIS Астана-Нұра) – Winning Alliance Captain Kerei Division, Finalist Alliance Captain, Innovate Award
«xCellence» (NIS Астана-Нұра) – Think Award Winner, Best Pit Zone Award
«Panheya» (NIS Алматы-Медеу) – Design Award Winner, Kerei Division Finalist Alliance Captain Award
«ORCHID» (NIS Алматы-Медеу) – Robot Design Finalist
«AiQanat» (NIS Алматы-Медеу) – Motivation Award
«Dazmix» (NIS Семей) – Breakthrough Award
«AimaJR» (NIS Семей) – Research Excellence Award
«APEX» (NIS Ақтау) – Presentation Award, Best Mascot Award, Best Team Performance Award
«8TEENS» (NIS Ақтау) – Best Team Performance Award, Best Mascot Award, Rising All-Star Award
«S7» (NIS Ақтау) – Legendary Code Award
«S7 Robotics» (NIS Ақтау) – Tactical Execution Award
«RoboArch» (NIS Ақтау) – Engineering Excellence Award
«MindSpark» (NIS Ақтау) – Stability and Reliability Award
«IGNIS» (NIS Атырау) – Impact Award
«Samgaurpaq» (NIS Атырау) – Adaptive Strategy Award
«NEURA» (NIS Алматы-Наурызбай) – Connect Award (3rd Place), Best Uniform Award
«WiNIS» (NIS Шымкент-Абай) – Robot Performance Award Finalist
Айта кетейік, ауқымды дода Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі робототехника және STEM технологиялары фестивалі – Alem Tech Fest 2026 аясында ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 мыңнан астам оқушы қатысты.
NIS қауымдастығы чемпионаттағы ең ауқымды делегациялардың бірі болды. Барлығы 274 оқушы 31 команда құрамында өнер көрсетті. Зияткерлік мектептер FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge санаттарында бақ сынады.