banner

Жаңалықтар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NIS оқушыларымен кездесті

news

03 қазан 2025

Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас дарындарымен жүздесті.

Президент Қытайда ұйымдастырылған IOAI халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген оқушылардың жетістігін ерекше атап өтіп, олардың ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға қосып жатқан үлесін жоғары бағалады.

Еске салсақ, IOAI 2025 додасында Қарағандыдағы NIS оқушысы Сұлтанби Исатай мен Талдықорғандағы NIS оқушысы Жәнібек Қасымхан алтын медаль иеленсе, Ақтаудағы NIS оқушысы Сұлтанбек Сары қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Панамада өтетін First Global Challenge робототехника олимпиадасына дайындалып жатқан NIS Almaty-Medeu оқушыларымен кездесті. Айта кетейік, Зияткерлік мектептердің шәкірттері осы әлемдік беделді турнирде үш дүркін чемпион команда атанған.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Жүлдегерлер қатарында Тараздағы NIS оқушылары мен түлектері – Мәди Тәжіхан, Бекбулат Жангерей, Дәулети Әділет, Айдархан Әмірхан, Тәжіхан Қанат бар.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-