Назарбаев
Зияткерлік
мектептері
Біз отандық және халықаралық үздік тәжірибені үйлестіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейлерде зияткерлік әлеуетті арттыруға ұмтыламыз.
Таразда желілік NIS Hackathon 2026 байқауының үздіктері анықталды
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 9–12 сынып оқушыларына арналған желілік NIS Hackathon 2026 байқауы өтті. Ауқымды шара еліміздің барлық өңірінен жиналған NIS оқушыларын біріктіріп, технологиялық жоба әзірлеу, тәжірибе алмасу және...
20 наурыз 2026
Таразда желілік NIS Hackathon 2026 байқауының үздіктері анықталды
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында 9–12 сынып оқушыларына арналған желілік NIS Hackathon 2026 байқауы өтті. Ауқымды шара еліміздің барлық өңірінен жиналған NIS оқушыларын біріктіріп, технологиялық жоба әзірлеу, тәжірибе алмасу және...
20 наурыз 2026
NIS білім беру экожүйесі
Назарбаев Зияткерлік мектептері білім беру бағдарламалары мен технологияларының заманауи үлгілерін әзірлеу, мониторингтеу, зерттеу, талдау, сынақтан өткізу, енгізу және іске асыру алаңы болып табылады
Зияткерлік мектептер
Озық білім беру бағдарламалары, инновациялар және қолайлы орта академиялық шеберлігі, шығармашылық ойлауы және әлеуметтік жауапкершілігі бар көшбасшыларды қалыптастырады.
NIS-Programme
Қазақстандағы алғашқы үштілді білім беру бағдарламасы, Кембриджбен бірлесіп әзірленген. Бағдарлама әлемдік тәжірибелер мен ұлттық құндылықтарды үйлестіріп, A-Level, IB және O-Level бағдарламаларына балама болып табылады.
Педагогтердің кәсіби дамуы
NIS отандық және халықаралық тәжірибе, ресурстар мен әдістемелерді біріктіріп, мұғалімдердің үздіксіз дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан білім беру жүйесін жетілдіреді.
Бағалау жүйесі
NIS білім сапасын қамтамасыз етуге маңызды рөл атқарады, оқушылар мен педагогтардың білімдері мен құзыреттіліктерін бағалау үшін сенімді және валидті құралдар жасап, білім беру жүйесінің тиімділігін арттырады.
Цифрлық технологиялар
NIS білім беру саласында инновациялық шешімдер енгізіп, цифрлық платформалар мен онлайн-қызметтерді дамыта отырып, озық технологияларды оқу процесіне интеграциялайды.
Тәжірибе алмасу
NIS инновациялық әдістемелерді енгізе отырып, білім беру саласындағы озық тәжірибелермен бөліседі, педагогикалық қауымдастықты дамытуға және Қазақстандағы білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді.
NIS ресурстары
Сандар мен фактілер
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Мектеп байланыстарын қалай білуге болады?
Зияткерлік мектептер туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді.
-
NIS-ке қалай оқуға түсуге болады?
Қабылдау туралы барлық ақпарат «NIS-те білім алу» бөлімінде қолжетімді.
-
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеуге дайындық курстары бар ма?
1. 5-6-сыныптар оқушыларына арналған «Виртуалды мектеп» жобасы ұсынылады. «Виртуалды мектеп» платформасында жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген «Математика», «Жаратылыстану», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқу материалдары мен тапсырмалары берілген.
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқушылар белгіленген уақыт шеңберінде оқу пәні мен тақырыпты таңдай алады.
Виртуалды мектепте білім алу үшін https://vs.nis.edu.kz сайтында тіркелу қажет.
2. ACADEMIA.kz платформасында «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» атты онлайн-курсы қолжетімді. Курс мазмұны конкурстық іріктеудің тест бөлімдері бойынша оқыту материалынан, жаттығулар мен тапсырмалардан тұрады. Қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді онлайн-курсты кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, оқуға болады. -
Байқау тестілеуіне қалай тіркелуге болады? Байқау тестілеуі қалай өтеді? Байқау тестілеуінің нәтижелерін қайдан көруге болады?
Байқау тестілеуіне қатысу үшін https://trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркеу порталында тіркеліп, орын брондау қажет. Әр байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондалады.
Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі. Мектептердегі орын саны шектеулі болады. Тест нәтижелері байқау тестілеуі өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде онлайн тіркелу порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жүктеледі.
Толық ақпарат https://trialtest.nis.edu.kz сайтында берілген.Байланыс телефоны: +7 775 63 723 66 (whatsapp)
-
Онлайн байқау тестілеуін қалай тапсырады?
1. App Store немесе Google Play маркетінен Beyim Synaq қосымшасын жүктейсіз.
2. Қосымшада тіркеуден өтесіз.
3. Тіркеуден соң, «Басты» қойындысындағы байқау тестілеу нұсқасын таңдап, тестілеуді бастайсыз. -
Мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары бар ма?
Біліктілікті арттыру курстары бойынша ақпарат https://beyim.edu.kz сайтында қолжетімді.
Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2026 жылы 27, 28 наурыз күндері өтеді.
Тестілеуге тіркелу уақыты:
1 ауысым: 07.00–09.00.
2 ауысым: 13.30–15.30.
Ауысым нөмірін және тіркелу уақытын үміткердің рұқсаттамасынан қараңыз!
Ескерту! Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді. Тестілеудің бірінші күнінде болмаған үміткер тестілеудің екінші күніне жіберілмейді.
Тестілеу күндері үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:
1) рұқсаттама;
2) қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес).
Үміткерлердің тәртіп ережесімен осы жерде танысуға болады.
Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады