Хабарландырулар

Хабарландыру


2021 жылдың 25-31 қаңтар аралығына Көкшетау қаласыдағы «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы сатып алу маманы бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

 

Үміткерге қойылатын талаптар:

1.  Міндетті:

Білімі

-     жоғары заңгерлік немесе экономикалық кәсіптік білімі болуы тиіс

Еңбек өтілі

- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес 1 жылдан кем емес, білім беру жүйесінде болғаны құпталады.

Білімі мен біліктілігі

- сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізуді реттейтін құжаттар;

- Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу рәсімдеу, бюджеттеу және сатып алу жоспарларын реттейтін басқа да құжаттар мен нұсқаулық материалдар);

Тілдерді білуі

-              қазақша

-             орысша

Компьютерлік сауаттылық

- Word,

- Excel (озық қолданушы),

- электрондық құжат айналым

    2.Болғаны құпталады:

o   Лауазымның тиісті функционалдық бағыттарындағы жұмыс тәжірибесі,

o   Мамандық бойынша біліктілігін растайтын сертификаттардың және басқа да құжаттардың болуы;

o   Іс-сапарларға шығуға дайындығы.

 

3. Білуі тиіс:

-      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ статусы туралы Заңын, білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ, сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді реттейтін құжаттар;

4.Біліктілігіне қойылатын жалпы талапта

1) бекітілген бюджет негізінде филиалдың тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жоспарын әзірлеу, сатып алу жоспарына өзгерістер мен / немесе толықтырулар енгізу

2) Ережеге сәйкес сатып алулар жоспары бойынша филиалдың тауарларына, жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне арналған сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу;

3) Ережеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу мониторингін өткізу;

4) ДББҰ интернет желісінде сатып алу туралы ақпараттарды жариялау;

5) өз құзыретi аясында сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алмауды бақылау;

6) сатып алу саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

7) ішкі құжаттар жобасын уақтылы және сапалы түрде қарастыру және бекіту;

8) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, сондай-ақ жаңа жобаларды әзірлеу;

9) сатып алу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге консультациялық қолдау көрсету

5.Қосымша

o   Ұйымның дамуының жоғары серпінділік жағдайында табысты жұмыс істеу және міндеттер ауқымын үнемі кеңейту;

Әріптестермен тиімді өзара әрекеттесу (жеке қақтығыстарға әкелетін проблемалық жағдайларды анықтау және оларды шешу және адамдарға мұқият қарау);

 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені мына электрондық почтаға жолдау қажет: info@kt.nis.edu.kz Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады: Көкшетау қаласы, Ж.Тлеулин көшесі 59 үй, тел. 8 (7162) 25-31-40

 


Қаралым: 1314
Жарияланған: 26 Қаңтар