Хабарландырулар

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (UWCSEA) 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарында 11-12 сынып оқу


Байқаудың екінші кезеңі Назарбаев Зияткерлік мектептері аясында өтті. Ереже бойынша тапсырыс берген үміткерлер Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжі ұсынған эссе және «Не себепті мен UWCSEA колледжіне түсуім қажет?» тақырыбында мотивациалық хат жазды.

Жобаның мақсаты - 2016-2018 оқу жылында Халықаралық  Бакалавриаттың бағдарламасы бойынша 11-12 сынып оқушыларын 2015 жылдың 23 қыркүйек күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқармасымен бекітілген (№49 хаттама)  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдары арасында білім беру гранттарын тағайындау ережелеріне сәйкес экстернаттық жүйесі арқылы оқыту. Дарынды балаларды қолдау жобасыныі бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Байқау қорытындысы.

Жалпы байқауда 31 үміткер қатысты, оның ішінде үшінші кезеңге Зияткерлік мектептердің 12 оқушысы жолдама алды.

Байқаудың үшінші кезеңге жолдама алған қатысушылары тізімімен төменгі сілтеме бойынша таныса аласыз.


Қаралым: 3265
Жарияланған: 30 Наурыз