Халықаралық

2016 жылдың 18-23 сәуір аралығында Ресей Федерациясы Королев қаласында балалар мен жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Созвездие» атты ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жобаларының олимпиадасы өтті.


 

2016 жылдың 18-23 сәуір аралығында Ресей Федерациясы Королев қаласында балалар мен жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Созвездие» атты ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жобаларының олимпиадасы өтті. Бұл жарысқа Астана және Өскемен қалаларыныңы Назарбаев зияткерлік меткептерінің 6 оқушысы қатысып жақсы нәтижелер көрсетті.

Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жұмабаев Жалғас «Космонавтика» - ғарышаралық ұшулар мен ғарыш жобалары» секциясында 1 орынға иеленсе, үшінші орынға 4 оқушы ие болды. Олар: Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Шаймарданов Алем, «Жер – біздің үйіміз» секциясы бойынша; Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Амангельдина Акбаян «Флора және фауна» бағытында, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Галимов Алишер және 10 сынып оқушысы Құтым Бегім сәйкесінше «Энергия және адам» және  «Ақпараттық технологиялар» секцияларында жеңіске ие болды .


Қаралым: 6601
Жарияланған: 27 Сәуір