Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті Зияткерлік мектеп оқушыларының қабілеттерін ерте бастан анықтау, дамыту, ғылыми іс-шараларға қызығушылығын арттыру, дарынды балаларға қолдау көрсету, ғылыми білімді насихаттау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы желілік, республикалық олимпиадаларда табысты нәтиже көрсету мақсатында 7-сыныптар арасында қашықтықтан олимпиада өткізуді жоспарлап отыр.
Олимпиада алты пән бойынша өткізіледі: биология, химия, математика, физика, информатика және география.
Олимпиаданың өткізілетін күні: 30 сәуір 2016 жыл, басталу уақыты: 10:00 (Астана уақытымен)
Олимпиада тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» ДББҰ Зияткерлік мектептер білім беру саясаты мен бағдарламалар департаментінен 9:00 электронды пошта арқылы жіберіледі.
Олимпиаданың өткізілу уақыты – 1,5 астрономиялық сағат.
Олимпиада нәтижесі бойынша жоғары балл көрсеткен оқушы Зияткерлік мектептің олимпиадалық резерв құрамына қабылданып, оқу-жаттықтыру жиынына жіберіледі.