Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2021 жылғы 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен 2021-2022 оқу жылында 7-сыныптарында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Семей, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алатын 194 үміткерге «Өркен» білім беру гранты тағайындалды.

1. Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.

  Жеке нәтижелерді көру

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басып оқу жылын, мектебін, параллельді, оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдауы қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.

Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген.

Тізімнің екініші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен резервке енгізілген үміткерлердің тізімі берілген.


Қаралым: 405
Жарияланған: 24 Тамыз