Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру грантын тағайындау нәтижелері, Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптары


2021 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында Түркістан қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2021-2022 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 7-сыныптарына үміткерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына 1584 үміткер қатысты. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 705 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына жіберілді.Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 2021-2022 оқу жылынан бастап

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына 192 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. 513 үміткер 2022 жылдың 25 мамырына дейін жарамды болатын резервтік тізімге енгізілді.

1. Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.

  Жеке нәтижелерді көру

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Барлық нәтижелер» батырмасына басып оқу жылын, мектебін, параллельді, оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдауы қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.

Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген.

Тізімнің екініші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен резервке енгізілген үміткерлердің тізімі берілген.

 

Туындаған сұрақтар бойынша +77020663377 телефонына хабарласуға болады


Қаралым: 366
Жарияланған: 24 Тамыз