Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8,9,10 сынып оқушылары жаздың ұмытылмас күндерін АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің Дарынды жастар орталығының (СТҮ) жазғы лагерінде өткізеді. Оқушылар 2012 жылдың 17 шілдесі мен 5 тамызы аралығында элективті курста болады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12 оқушысы Пенсильвания штаты, Карлайл қаласындағы жазғы лагерде білім алады. 20 күн ішінде балалар «Салыстырмалық теориясы және ойындар» курсы бойынша білім алады, салыстырмалық теориясы мен ойындарды зерттеу студенттер үшін математикалық білімді нақты жағдайларда қолдануда таптырмас тәсіл болып табылады.
«Жоғары мектептердің химиясы» - курс орта мектепте химия пәніне кіріспенің жылдық курсын қамтиды. Оқушылар ең аз дегенде жиырма сағат зертханамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
«Физика (жеделдетілген курс)» - бұл курста оқытылатын тақырыптар Ньютон механикасын, толқындар қозғалысын, геометриялық және толқындық оптиканы, электр қуаты және магнетизм, схемалар, термодинамика және қазіргі физиканың бастамасын қамтиды.
«Электротехника» - оқушылар қазіргі заманғы электрониканың ең маңызды физикалық принциптерінің бірі электромагниттік құбылыстарды оқиды және оны іс жүзінде және түрлі құрылғыларда қолдануды үйренеді. Олар Ом және Кирхгоф заңы сияқты заңдарды, математикалық құралдарды қолдана отырып құрылғылардың аналогтық макетін жасайды.
«Криптология» - криптология - бұл құпия хаттарды жасау үшін кодтар мен шифрларды зерттейтін ғылым. Математиканың бұл курсында оқушылар доңғалақ шифрі, Цезарь өтпесі, моноалфавиттік ауысу, Винжер шифрі және өзгелері сияқты құпия хаттарды жасау үшін түрлі бастапқы тәсілдерді оқуды бастайды.
Әлемнің түпкір-түпкірінен академиялық деңгейде қабілетті оқушылардың басып қоса отырып СТҮ лагері тамаша білім беру тәжірибесін ұсынады. Ол жерде кездескен дүние жүзінің оқушылары тек тәлімгерлерінен ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен де үйренеді. Бағдарлама дарынды балаларға мүмкіндіктерін өлшеу мен толық ашуға көмектеседі. Оқушы сыни тұрғыда, сараптамалық тұрғыда ойлауды дамыту үшін және арнайы білім алу үшін мүмкіндікке ие болады. Өздерінің курстық жұмыстарына қосымша оқушылар бай әлеуметтік тәжірибе үйренеді.
Элективті курстар Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі қосымша білім беру түрлерінің бірі. Олар 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Курстар өткізілген уақыт ішінде оған 500-ге жуық бала қатысты. Олимпиадаларда, ғылыми жобалар жарыстарында жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар қазақстандық және шетелдік ғылыми-оқыту ұйымдарындағы курстарда пәндерді тереңірек оқуға мүмкіндік алады. Элективті курстарға: ғылыми практикумдар, зертханалық жұмыс, тілдік курстар, лекциялар, сабақтар, жазғы лагерлер және басқалары жатады. Элективті курстарды таңдау кезінде олардың белсенділік деңгейі және оқушылардың мүмкіндіктерін дамыту және ынталандыру үшін қажет жаңалықтарға назар аударылады. Бағдарлама мазмұны оқушының зияткерлік, шығармашылық, эмоциональды дамуына сәйкес болуы, белсенді оқыту тәсілін кеңінен қолдануы, қазіргі заманғы білім беру технологиясына бағытталған болуы керек. Элективті курстар Қазақстанда, Ресейде, Сингапурде, Ұлыбританияда, АҚШ-та өткізілді.