Элективтік курстар

Сыртқы элективті курстар


НЗМ білім беру қызметтерін ұсынудың жоғары сапасына және зияткерлік мектептер қызметінің тиімділігіне қол жеткізу үшін балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар өткізіледі. Аталмыш бағыттағы шаралардың бірі-steam бейініндегі пәндер бойынша мемлекеттік және шетелдік элективті курстарды ұйымдастыру. 2010 жылдан  бүгінге дейін 2000 астам оқушы сыртқы элективті курстарды сәтті аяқтап өз білімдерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алды. 

Олимпиадаларда, жарыстарда, ғылыми жобалар конкурстарында үздік нәтиже көрсеткен, оқу үлгерімі жоғары оқушылар шетелдік және отандық оқу орындарында элективті курстарда пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік алады. 

Элективті курстарды таңдау барысында курстың өзектілігі мен жаңашылдық дәрежесіне, оқушылардың әлеуетің дамыту қарқынына баса назар аударылады. Бағдарламалардың мазмұнында оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, эмоционалды дамуына ықпал ететін, заманауи білім беру технологияларын қамтитын белсенді оқыту әдістерінің қамтылуына аса  назар аударылады. 

Элективті курстар келесі міндеттерді шешуге бағытталған: 

– оқушының өзін-өзі анықтауға және болашақ кәсіби қызметін  таңдауға ықпал ету; 

  - жоспарланған бейінде оқытудың оң мотивациясын жасау; 

 - оқушыларды таңдалған бейіннің үздік бағыттарымен таныстыру 

 - оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; 

 - оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру. 

Элективті курстар келесідей әлемнің танымал білім беру ұйымдары мен жетекші жоғары технологиялық кәсіпорындарын тарта отырып жүргізіледі: 

  • Назарбаев Университеті - https://nu.edu.kz/kk  

  • Джонс Хопкинс Университетінің дарынды жастар орталығы  (CTY) https://cty.jhu.edu/ 

  • Массачусетс технологиялық институтының озат білім беру орталығы  (MIT) - https://www.mit.edu 

  •  Гонконг Университетінің дарындылар Академиясы  https://www.hku.hk/  


Қаралым: 45603
Жарияланған: 09 Сәуір