Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «20 зияткерлік мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды және өз жұмысын 2010 жылы 13 қыркүйекте бастады. Мектептің негізгі мақсаты өзін-өзі дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын, Қазақстанға пайдасын тигізуге қабілетті көшбасшыны қалыптастыру болып табылады. Мектеп пайымына сәйкес елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға және әлемдік аренадағы оның бәсекеге қабілеттілігі мен әл-ауқатын көтеруде үлес қосуға ұмтылады.
2017 жылы мектеп Council of International Schools (Нидерланды) халықаралық аккредитацияны ойдағыдай сәтті өтті. Аккредитация нәтижесінде алынған сертификат мектептің жоғары сапалы білім беруі мен тәрбиелеуін растайды.
Мектепте білім берудің жаңашыл моделін 126 қазақстандық оқытушы жүзеге асыруда. Олардың ішінде – зерттеуші-мұғалім, 24 эксперт- мұғалім, 42 модератор мұғалім, 38 мұғалім, 21 мұғалім-тағылымгер. Солардың қатарында – білім беру бағдарламалары мен оқулықтарын құрастырушылар да бар. Халықаралық және республикалық деңгейдегі курстардан тәлім ала отырып олар педагогикалық шеберлік деңгейлерін көтереді. Он мұғалім «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша оқуын бітірсе, тағы екі мұғалім аталған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыруда. АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және әлемнің тағы басқа мемлекеттерінен келген 9 шетелдік мұғалім де оқушыларға мектеп пәндерін меңгертуде отандық ұстаздармен қатар өз үлестерін қосуда.
Мектеп Кембридж Университетімен бірлесе отырып жасаған кіріктірілген білім беру бағдарламасының апробациясы бойынша тәжірибе алаңы болып табылады. Бағдарламаға ұлттық ерекшелік тығыз байланыста енгізілген, оқыту мен тәрбиелеуде этникалық педагогиканың ең үздік дәстүрлері пайдаланылады. Мазмұнды сабақтар, топтық жұмыстар биология, химия, нанотехнология, биотехнологияның оқу зертханаларындағы және кітапханадағы жеке жұмыспен алмастырылады. Оқушылар түрлі акцияларға, әлеуметтік жобаларға, сыныптан тыс шараларға қатысады, элективті курстарға, үйірмелерге барып өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін шыңдайды. Түрлі спорт секциялары оларды дені сау, шыдамды болуға үйретеді.
Жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерге басымдық берумен қатар мектепте гуманитарлық пәндерге де аса назар аударылады. Оқушылар үш және одан да көп тілді меңгерген. Оның нәтижесі ретінде мектептің жоғары сынып оқушыларының ІЕLTS ағылшын тілін білу деңгейін анықтау халықаралық тестілеуінен көрсеткен орташа балл көрсеткіші 9 баллдың 6,02 балл көрсеткішін иеленуі.
Оқушылардың салмақты жетістіктерінің ішінде: халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысында 595 орын, республикалық – 253 және облыстық – 658 орын. 467 түлектің 77 «Алтын белгі» иегерлері, 449 – грант иегерлері, 361 оқушы техникалық, жаратылыстану-ғылыми және медициналық мамандық студенттері болып табылады. 116 түлек Назарбаев Университетінде, 33 шетелдік жоғары оқу орындарында университет гранты бойынша оқуларын жалғастыруда.
Оқу-тәрбие үрдісін әкімшіліктің басқаруы оқушылардың, мұғалімдердің, ғылыми-әдістемелік кеңестің және ата-аналар кеңесінің өзін-өзі басқару ұйымдарымен бірге жүзеге асырады. Жан-жақты көзқарас және түрлі пікірлерді есепке алу жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі.
2017 жыл мектеп тарихында тағы бір жарқын оқиғамен белгілі болды – 120 оқушыға арналған жатын орны бар жаңа типтік ғимарат салынды, бұл қалалық емес «Өркен» білім беру грантының иегері болып табылатын балаларды оқытуға мүмкіндік ашады.
Мектептің мекен - жайы: Өскемен қаласы, Қаныша Сатпаев даңғылы, 53
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7232) 71-27-15
Электронды пошта: info@ukk.nis.edu.kz
Веб-сайт: ukk.nis.edu.kz