«Wikipedia» клубы

«Wikipedia клубы»


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Wikipedia» деп аталатын жаһандық жобаға қосылып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жеке «Wikipedia» клубын ұйымдастырды. Кең ауқымды интернет-энциклопедиясының толтырылуына әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар қатысып, өз білімімен бөліседі.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Wikipedia клубы» жобасы қазақстандық «WikiBilim» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Клубтың құрылуы оқушылардың бойында мақала жазу, өңдеу дағдыларын дамытып, академиялық адалдық пен жауапкершілік қағидаларына сәйкес шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыруға бағытталған. Уикипедияда мақалалар жазу және өңдеу әр баланың онлайн сауаттылығын артыруға ықпал ететін зияткерлік хоббиіне айналуы тиіс.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 2012 жылдан бастап жобалардың жаһандық желісіне қосылды. Жоба қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі ғылыми контент жетіспеушілігін шешу мақсатында қазақша Уикипедияны ашық және еркін дамытуға еріктілердің үлес қосуын көздейді.

Жобаның негізгі мақсаты - Википедия Жазушылар қауымдастығын құру арқылы энциклопедияның Қазақстан туралы ағылшын бөлімінде қазақ тіліндегі мақалалардың сапасы мен үлесін арттыру, оқушыларды энциклопедия талаптарына сай мақалалар жазуға, өңдеуге және толықтыруға дағдыландыру.

Қазақша Уикипедия – тегін Уики-энциклопедия. Қазақ тілі бөлімі 2002 жылы 3 маусымда ашылды. Үш түрлі әліпби қолданылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Моңғолия), латын (Түркия) және араб жазу әліпбиі (Қытай және Иран). Оның тәжірибесін әртүрлі әліпбилерді қолданатын басқа Уикипедиялар пайдаланады. Қазақ бөліміне орысша және ағылшынша Уикипедиялардың ықпалы зор. Зияткерлік мектептердің «Қазақша Уикипедия» сайтының өсу қарқыны:

Мақалалар – 231 296

Беттер – 529 261

Тіркелгендер саны – 83 167

Белсенді авторлар – 237

Әкімшілер – 17

Зияткерлік мектеп оқушылары мақалалар жазуға және өңдеуге, Уики-технологияларды талқылауға белсене қатысады, оны сабақта және өздігінен білім алуда қолдану мүмкіндіктерін талқылайды.

Википедияда жазылған мақалалдың тіл бойынша рейтингісінде қазақ тілі 127 орыннан 25 орынға көтеріліп, қазақ тіліндегі энциклопедияның көрсетілім саны 8 миллионды құрады және жоба бойынша мақалалар саны 20 есе артты.

Мақалаларды жазу және өңдеумен айналысатын белсенді қолданушылардың саны 500 адамға дейін өсті.

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының 2012-2022 жылдар аралығында жариялаған мақалалар саны – 14899.

Қазақстанда «WikiBilim» қоры мектептегі «Wiki» және «TED» клубтарын құрумен айналысады. «Таратуға тұрарлық идеялар» ұранымен «Қазақша Уикипедия», «Қазақстанның ашық кітапханасы», «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі», «Қазақ әдебиетінің аудио оқу құралы», TED конференциялары мен лекциялары сияқты жобаларды дамытады.

 

Жобаға қатысатын Зияткерлік мектеп оқушылары мектеп бағдарламасынан тыс уақытта мақалалар жазумен және өңдеумен, «вики» технологияларды сабақта және өздігінен білім алуда қолданудың мүмкіндіктерін талқылаумен айналысады.


Қаралым: 627
Жарияланған: 17 Тамыз