Жасөспірімдер олимпиадасы

Жалпы ақпарат


Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының түрлі деңгейдегі байқауларға сапалы қатысуы мектеп жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші болып табылады. Мектеп іргетасы қаланған күннен бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары зияткерлік республикалық, халықаралық олимпиадаларда, байқауларда, шығармашылық шараларда, спорттық жарыстарда өз жетістіктерін көрсетіп келеді. 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары  оқу аясында жоғары сапалы білім алуда, ал білім беру сапасының көрсеткіштерінің бірі - оқушының бәсекеге қабілеттілігі, әртүрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу кезінде көрінетін ғылымның әртүрлі салаларындағы құзыреттілігі. Бірақ олимпиаданың жеңімпазы немесе жүлдегері болу үшін жақсы оқу жеткіліксіз, мектеп бағдарламасынан тыс пәнді білу, стандарттан тыс ойлай білу, дүниетанымы кең, қор байлығы болуы керек. Бұл үшін Зияткерлік мектептер балалардың академиялық әлеуетін, жобалық-зерттеу дағдыларын, инновациялық ойлауды, шығармашылықты, зерттеушілік дағдыларын және кәсіби бағдарын дамытуға көмектесетін жазғы мектептер, элективті курстар, оқушыларға арналған үйірмелер ұйымдастырады. 

Бастапқы кезеңде Зияткерлік мектептердің оқушыларын түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға тиімді дайындау мақсатында мектепішілік олимпиада өткізіледі. Ал осы олимпиаданың қорытындысы бойынша математикалық, логикалық және абстрактілі-логикалық ойлаудың жоғары деңгейін талап ететін пәндерді оқуға қабілеті ерекше оқушылар арасында тәжірибелі жаттықтырушыларды, соның ішінде Зияткерлік мектептердің түлектерін тарта отырып, желілік оқу-жаттығу жиындары өткізілуде,  олардың қатарында Зияткерлік мектептердің түлектері – республикалық және халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

Оқу-жаттығу жиындарының негізгі мақсаттары: 

1.   оқушылардың білімі мен дағдыларын дамыту және тереңдету; 

2. оқушылардың зияткерлік жарыстарға оқу және психологиялық дайындығын жүргізу; 

3. зияткерлік сайыстарға қатысудың тиімділігін арттыру; 

4. жаттықтырушы ретінде оқу-жаттығу жиындарына шақырылған үздік отандық және шетелдік оқытушылармен және ғалымдармен өзара әрекеттесу; 

5. әлеуетті / қабілетті оқушыларды анықтау; 

6. Оқушылардың рейтингтерін, олқылықтарды ескере отырып, тренерлерден әрі қарай оқыту үшін ұсыныстар алу. 

Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын бөлу кезінде басым құқыққа ие. Зияткерлік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын тереңдету мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдайлар жасайды. 

2009-2022 жылдар аралығында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (жарыстарына) 22 044 оқушы қатысты. Оның 12 942-сі жеңімпаздар мен жүлде иегерлері: 

  • 2 507 республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері; 

  • 6 091 республикалық және халықаралық ғылыми конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері; 

  • 4 345 қашықтықтан (онлайн) олимпиадалардың жүлдегерлері. 

 

      

 

  

Үші жыл қатарынан (2017, 2018, 2019 жылдары) "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ командасы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада командалық есепте 1-орынға ие болды. 

 

2018 жылы Зияткерлік мектептер құрамасы қоғамдық - гуманитарлық бағытында олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік команда» номинациясында 1 орынға ие болды. 2019 жылы осы номинацияда құрама 3 орынға ие болды. 

 

      

 


Қаралым: 49
Жарияланған: 19 Қырқүйек