“Discover Kazakhstan” ағылшын тіліндегі эсселер Республикалық байқауының жылнамалары

“Discover Kazakhstan” ағылшын тіліндегі эсселер Республикалық байқауының жылнамалары


 2011 жылғы 8 желтоқсанда Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде сағат 10.00 - де "Discover Kazakhstan" - "Өзің үшін Қазақстанды таны" тақырыбында ағылшын тіліндегі эсселер байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мереке аясында өтті.  

Жалпы Қазақстанның барлық өңірлерінен байкауға 329 эссе келіп түсті, оның ішінде 102 шығарма байқауға жіберілді. Әр шығармада автордың жеке және ерекше стилі болды. 2011 жылғы 24 қарашада конкурс комиссиясының отырысы өтті. Қазылар алқасы гран-при иегерін және алғашқы үш жүлделі орын иегерлерін анықтады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай үздік 20 эсселердің авторлары дипломдармен марапатталды. 

            

           

Байқаудың қорытындысы жеңімпаздар мен лауреаттардың құрметіне салтанатты қабылдау аясында 2011 жылдың 8 желтоқсанда өтті. 

Үздік авторлар Астанаға шақырылды, онда оларды түрлі мәдени бағдарлама күтіп тұрды. Балалар Тұңғыш Президент мұражайына, Президенттік мәдениет орталығына, "Астана-Бәйтерек" монументіне, "Думан" ойын-сауық кешеніне және "Керуен" СОО "IMAX"кинотеатрына барды. 

Жинаққа 20 үздік шығарма, сондай-ақ 80-нен астам жарқын және талантты эсселер кірді. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері, мектеп-интернаттары, балалар үйлері, "Дарын" РҒПО мектептері, аз қамтылған отбасы балалары арасында кітаптар таратылды. Сондай-ақ, біздің шетелдік серіктестерімізге Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Швейцария, Жапония, Сингапур сияқты елдерге жіберілді. 

Іс-шараның фотохроникасынан үзінді 

          

 

        

 

            

 

   

       

2013 жылдың 09 желтоқсанында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «One Nation-one Country-one Destiny» (Бір ел – бір халық – бір тағдыр) тақырыбында жыл сайынғы ағылшын тілінде эсселер «Discover Kazakhstan» байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. 

Үздік эссе авторлары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова, Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың қолынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар алды. 

 

           

Байқаудың бас жүлдесін Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі атынан қатысқан Манекина Үкіжан жеңіп алса, бірінші орынды Астана қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Құлмұқанова Ләззат ие болды, екінші екі орынды Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қатысушылары Валерия Конча мен Фатима Есенеева жеңіп алды, үш үшінші орынды Диляра Увашева, Семей қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Самат Алдажаров, Өскемен қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алтын Журалиева, Орал қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзара бөліп алды. 

Елге және оның даму перспективаларына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ету іс-шараның басты мақсаты болды. 

Эсселер байқауы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстанның жалпы білім беру мектептерінің 9-12 сынып оқушылары арасында өткізілді. Шығарма түріндегі жұмыстар 2013 жылдың 03 қазанынан 12 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, Қазақстанның тоғыз өңірінен 350 эссе келіп түсті. Әр шығармада автордың жеке және ерекше стилі болды. 

Байқаудың тағы бір ерекшелігі - үздік 34 эссе ағылшын тілінде "Discover Kazakhstan" атты шығармалар жинағына біріктірілді. 

Жинаққа 7 үздік шығарма, сондай-ақ, 27 жарқын және талантты эсселер кірді. 

 


Қаралым: 112
Жарияланған: 23 Тамыз