Робототехника

Оқыту робототехникасын дамыту


2014 жылдан бастап "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - ДББҰ) Қазақстандағы World Robot Olympiad ережелеріне сәйкес робототехника бойынша олимпиадалардың (бұдан әрі - Олимпиада) ұлттық ұйымдастырушысы болып табылады және құраманы қалыптастыруға жауапты. ДББҰ жыл сайын олимпиаданың өңірлік және республикалық іріктеу кезеңдерін өткізеді, оның нәтижелері бойынша халықаралық кезеңге қатысу үшін робототехника бойынша Қазақстан құрама командасы құрылады.

World Robot Olympiad (WRO) — Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы – бұл 10–19 жас аралығындағы 6–11 сынып оқушыларына арналған жарыс. Алғашқы Олимпиада 2004 жылы Сингапурда өтті. Бүгінгі таңда олимпиада географиясы 85 елді қамтиды, қатысушылар саны ондаған мыңға жетті.

ДББҰ-да робототехника бойынша өңірлік және республикалық олимпиадалар өткізілген 8 жыл ішінде робототехникамен айналысуға қызығушылық танытқан оқушылардың көбеюі байқалады.

1) 2014 жылы-Зияткерлік мектептерден 95 оқушы;

2) 2015 жылы – 152 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 70 бала, жалпы білім беретін мектептерден 82 оқушы;

3) 2016 жылы – 496 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 214 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 282 оқушы;

4) 2017 жылы – 1210 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 324 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 886 оқушы;

5) 2018 жылы – 1560 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 286 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 1274 оқушы;

6) 2019 жылы – 2208 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 318 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 1890 оқушы;

7) 2021 жылы – 110 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 33 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 77 оқушы (онлайн форматта);

8) 2022 жылы – 598 қатысушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 226 оқушы, жалпы білім беретін мектептерден 372 оқушы.

 

Жыл сайын еліміздің құрама командалары WRO халықаралық кезеңдерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізеді:

2014 жылы Сочи қаласындағы (Ресей Федерациясы) WRO-ға Қазақстан құрамасы 11 оқушыдан жасақталды. Талдықорған қаласындағы НЗМ командасы шығармашылық категорияда III орын алды;

2016 жылы Нью-Дели қаласындағы (Үндістан) WRO-ға Қазақстан құрамасынан 10 оқушы қатысты. Талдықорған қаласындағы НЗМ командасы шығармашылық категорияда "Creativity Award" номинациясын жеңіп алды;

2017 жылы Сан-Хосе қаласындағы (Коста-Рика Республикасы) WRO-ға Қазақстан құрамасынан 15 оқушы қатысты. Талдықорған қ. НЗМ мен Алматы қ. ФМБ бірлескен командасы шығармашылық категорияда IV орын алды, Орал қ. НЗМ командасы 80 команда арасында жалпы әлемдік рейтингте 13-ші орын алды;

2018 жылы Чиангмай қаласындағы (Тайланд Патшалығы) WRO-ға Қазақстан құрамасынан 18 оқушы бақ сынады. Көкшетау қ. НЗМ командасы жалпы әлемдік рейтингте 104 команда арасында негізгі катеогриядағы 10 команданың қатарына кірді.

2019 жылы Дьер қаласындағы (Венгрия Республикасы) WRO-ға Қазақстан құрамысына 20 оқушы енді. Талдықорған қ. НЗМ және Алматы қ. ФМБ командасы шығармашылық категорияда III орын алды. Көкшетау қ. НЗМ командасы 8-ші орынға ие болды және негізгі кіші категориядағы 92 команда арасында Топ 8 рейтингіне кірді. Орал қаласының НЗМ командасы 8-ші орынға ие болды және негізгі катеогориядағы 96 команда арасында Топ 8-ге кірді. Нұр-сұлтан қ.ФМБ НЗМ командасы шығармашылық категорияда 10-шы орынға ие болды. Орал қ. ФМБ НЗМ командасы роботтар футболы категориясы бойынша Топ 16 рейтингіне кірді.

2020 жылы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырушылар жарысты онлайн форматта өткізді. Семей қ. НЗМ 11 сынып оқушыларының командасы жаттықтырушы Бақытбек Орынбаевтың басшылығымен 8 жүлделі орынға ие болып, "Surprise challenge" тапсырмасын сәтті орындап, 40 команда арасында 6-шы орынға ие болды.

2021 жылы WRO аймақтық кезеңі 7 категория бойынша қашықтықтан өтті. 2021 жылғы 29–30 қыркүйекте 85 оқушының қатысуымен онлайн форматында WRO республикалық кезеңі ұйымдастырылды.

2021 жылы WRO республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша құрама намысын 12 қатысушыдан тұратын 5 команда қорғады, оның ішінде 5 НЗМ оқушысы, 7 жалпы білім беретін мектеп оқушылары. 5 қазақстандық команданың үшеуі үздік нәтижемен жүлделі орындарға ие болды.

Аты-жөні

Мектеп

Категория 

Тренер

 1.

Бекетов Даужан 

«Международная академия робототехники» білім беру орталығының оқушылары  

Шығармашылық

(орта) 

I орын

Tom Noah 

 2.

Островский Кирилл 

 3.

Пазилов Алдияр 

Нұр-Сұлтан қ. ФМБ НЗМ оқушылары

Шығармашылық

(жоғары) 

III орын

Кажыкенова Бахытгул 

 4.

Муханов Даулет 

 5.

Рахимбергенова Амина 

 6.

Киселёва Кристина 

«Ақ-Ниет» жеке бастауыш мектебінің оқушылары  

Негізгі

(орта) 

II орын

Киселёв Олег 

 7.

Бирюков Марк 

 8.

Мороз Пётр 

 9.

БалғабайШыңғысбек 

Алматы қ. ХББ НЗМ оқушылары

Негізгі

(жоғары) 

45 команда ішінен

20 орын    

Шақан Ясынжан 

 10.

Жамбыл Альтаир 

 11.

Кадыров Арьян 

«Lessons.kz» оқу орталығының оқушылары

Негізгі

(орта) 

47 команда ішінен 

22 орын

Еркабаева Айгерим 

 12.

Бердалиев Бернар 

Қосымша ақпарат алу үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы дайджестке сілтемелер:
http://digest-nis.edu.kz.tilda.ws/wro_2021 

Кіші шығармашылық санатында Халықаралық робототехника академиясының LegoMozg командасынан Даужан Бекетов пен Кирилл Островский (жаттықтырушысы Tom Noah) күн панелі мен жел турбинасын қамтитын ақылды электр станциясын жасады. Жаңартылатын энергия көздерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жоба өз авторларына жеңіс әкелді.

Елордалық физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің NG-PHOTOBIO командасы атынан қатысқан Амина Рахымбергенова, Алдияр Пазилов және Дәулет Мұханов (жаттықтырушысы Бақытгүл Қажыкенова) аморфты балдырлар өсімдігінен биоотын алу үшін жасанды интеллект қағидаттарын пайдаланатын робот құрды. Олар жоғары шығармашылық санаттағы жеңімпаздар деп танылды.

Сондай – ақ, негізгі жоғары категориядағы командаларға тұрғын үйлерді қалпына келетін көздерден алынатын электр энергиясымен жабдықтау, артық энергияны аккумуляторларда сақтау міндеті қойылды.

Бұл санатта NIS Taldykorgan тобы автоматты жерасты электр станциясын ұсынды. Жоба авторы, 11 сынып оқушысы Виктор Кахноның айтуынша, бүгінгі таңда электр машиналары бүкіл әлемге "нонсенс" емес. Бірақ қазіргі заманғы қалаларда тұрақ орындарының жетіспеушілігі, сондай-ақ электр машиналарын қуаттау көздерінің жетіспеушілігі мәселелері бар.

Виктор тұрғын үй кешендерінде немесе сауда орталықтарында роботталған жерасты тұрағын құру идеясын ұсынды, ол жерде телеграмм-бот арқылы онлайн брондауға, сондай-ақ өз электр автокөлігін қайта қуаттауға болады.

Электр жанармай құю станциясының прототипі автомобильдерге арналған қатарынан орналасқан ұяшықтары бар және көптеген қабаттардан тұратын "кітап сөресі" түрінде болады. Бұл тұраққа машиналарды алып, қоятын бір ғана робот-манипулятор қызмет көрсетеді. Бұл дизайнның айрықша ерекшелігі-мұндай сызба кез-келген мөлшерде оңай масштабталады, оны кез-келген ғимараттар мен құрылыстардың астына салуға болады және ол ұзындығы бірнеше жүз метрге дейін және кез-келген қабатты 1000 автомобильге дейін орналастыруға мүмкіндік береді.

Жас бағдарламашы автомобильдерді қуаттау туралы да ойластырды. Автомобильді қуаттауға арналған энергия қалпына келетін энергия көздерінен, күн панельдерінен және жел генераторларынан алынатын болады.

2022 жылы 30 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде еліміздің барлық өңірлері бойынша олимпиаданың өңірлік іріктеу кезеңдері өткізілді. Олимпиадаға WRO: RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers төрт категориясы бойынша 598 оқушы (372 - жалпы білім беретін мектептердің (бұдан әрі - ЖББМ) оқушылары, 226 - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары) қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 218 оқушы (оның ішінде 110 – ЖББМ оқушылары, 108 – Зияткерлік мектеп оқушылары) әртүрлі категорияларда жеңімпаз атанды және 2022 жылғы 29–30 маусымда Нұр-сұлтан қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жоспарланған WRO - 2022 робототехника олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды (бұдан әрі - Нұр-сұлтан қ. ФМБ НЗМ).

WRO категорияларында командалар нақты мәселелерді шешуге көмектесетін робот жасайды. Жыл сайын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына байланысты жаңа тақырып пайда болады. WRO биылғы жылғы тақырыбы — My robot my friend. Командалар роботты жүйелерді жасайды, онда болашақта роботтардың біздің өміріміздегі рөлі маңызды болады және олар біздің достарымыз немесе серігіміз ретінде лайықты орын алады.

2022 жылғы 22–27 тамызда республикалық олимпиаданың қорытындылары бойынша ең жоғары балл жинаған және бірінші орын алған 11 команда оқу-жаттығу жиынында жарысатын болады, оның нәтижелері бойынша биылғы жылы 17–19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында World Robot Olympiad олимпиадасында елімізден робототехника бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы құрылатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы дайджестке сілтемелер: 

http://digest-nis.edu.kz.tilda.ws/nacionalnii_chempionat_po_robototehniki_2022_1 

http://digest-nis.edu.kz.tilda.ws/nacionalnii_chempionat_po_robototehniki_2022_2 

 

 

 

 


Қаралым: 312
Жарияланған: 18 Тамыз