Менің өмірімде қолданылатын мақал мәтелдер

«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер»


Мақсаты: 

Ата-бабамыздан қалған мәңгілік мұра, сарқылмас қазына, мақал-мәтелдерді  жас ұрпақтың санасына сіңіру. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлт мұрасы мен құндылықтарын дәріптеу, тапқырлық пен шешендікке, мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалануға тәрбиелеу.   

Жоба ұзақмерзімді. Әр айға арналған мақал-мәтелдер тізімі белгіленеді.  

Ай Мақал-мәтелдердің мазмұны 
1 Қыркүйек  Отан, ел, жер туралы
2 Қазан   Достық, білім
3 Қараша  Мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік, жақсылық
4 Желтоқсан   Еңбек туралы
5 Қаңтар Мінез туралы
6 Ақпан  Тіл туралы
7 Наурыз  Отбасы, ағайын, туыстық туралы
8 Сәуір Ас, тағам, нан туралы
9 Мамыр Бірлік, ынтымақ туралы

 

Жобаға өзінің зерттеушілік дағдысын дамытқысы келетін 1-9-сынып аралығындағы кез келген оқушы қатыса алады. Негізгі шарт – 1-6-сынып оқушылары үшін 3, 7-9-сынып оқушылары үшін 5 мақал-мәтелді жаттап, мазмұнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана білу.  

Жоба аясында бейнероликтер түсіріліп, мектеп  каналдары мен YouTube каналында жарияланып отырады. Шаңырақтарда әртүрлі ойындар, жарыстар, эссе жазу және басқа да іс-шаралар өткізіледі.  Оқу жылының соңында жоба нәтижелері Шаңырақ қауымдастығын бағалау критерийі ретінде ескеріледі.  

Мақал-мәтелдерді жаттау қазақ тіліне деген қызығушылықты арттырады, сауатты, әдеби сөйлеу дағдысын дамытуға көмектеседі. Оқушылардың таңдаған мақал-мәтелдері міндетті түрде тәрбиелік, рухани мәнге ие болуы керек. Мақал-мәтелдердің терең мазмұнын түсіну, шығу тарихын зерттеу үшін оқушылар ата-аналарымен, ата-әжелерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Сол арқылы қазақ тілі мен қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының өркендеуіне өз үлестерін қосады.  

Сондай-ақ жоба оқушылардың жаттаған мақал-мәтелдерін сабақ үстінде, эссе жазуда, көпшілік алдында сөйлеу барысында қолдану сынды жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерін дамытады. Оқушылар мақал-мәтелдерді жаттап қана қоймай, күнделікті өмірде қолданады.  

 



Қаралым: 237
Жарияланған: 18 Тамыз