Назарбаев Зияткерік мектептері
мұғалімдерінің тамыз конференциясы
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы заманауй мектептің рөлі
Құрметті әріптестер!
Әрбір мемлекеттегі білім берудің орны сол қоғамның дамуындағы адамдардың білімі, олардың тәжірибелері, біліктілігі, дағдылары және жеке кәсіби даму мүмкіндіктерінің алатын рөлімен анықталады.
Бұл рөл соңғы онжылдықта әлем қоғамдастығында әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістерге байланысты күрделі өзгеріске ұшырады.
Бүгінгі таңда ауқымы мен сипаты жағынан болжауға және өлшеуге келмейтін сан түрлі өзгерістер әлем алдында өз талабын қоюда. Украиналық шиеленіс, «ислам мемлекеті» феномені, санкция саясатының белсенділігі, тереңдеп бара жатқан қаржы дағдарысы - бұл әлемнің дамуын түбегейлі өзгертетін, күтпеген үдерістер мен құбылыстардың тек бір бөлігі ғана.
Күшейген шиеленіс, саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жаһандық және аймақтық кеңістікте даму қарқынын және қалыптасқан дағдыларды ауыстыру қажеттілігінің маңызды индикаторы болып табылады.
Елбасымыздың «Индустриализациялау бағдарламасы», «Нұрлы жол», «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам» бағдарламалық құжаттары осы өзгерістерге қарсы тұрудың нақты шараларының көрінісі болып табылады.
Осы өзгерістер елдердің адамдық, зияткерлік әлеуеті сапасын арттыруды қажет етеді және қоғамның дамуында білім беру саласын бірінші орынға қойюдың келесі себептерін айқындайды:
- ақпараттандырылған қоғамға көшу, мәдениетаралық қарым-қатынас аумағының кеңейюі – коммуникация және толеранттылық дағдыларының дамуы;
- халықаралық қоғамдастық аясында шешуге болатын жаһандық мәселелердің көбеюі, жастар бойында заманауй ойлаудың қалыптасуы;
- бәсекелестіктің өсуі, біліктілігі аз және біліктілігі жоқ еңбек саласының қысқаруы, жұмыспен қамтамасыз ету саласында терең құрылымдық өзгерістер – адамдардың кәсіби жағынан икемділігінің артуы;
- дамыған елдерде ұлттық байлықтың 70-80% құрайтын адамдық капитал ролінің өсуі, жастарға, ересек адамдарға білім берудің басқа салалардан озық болуы.
Қоғамның қарқынды дамуы, саяси және әлеуметтік мүмкіндіктердің кеңеюі – қоғам мен мектептің жастарды саналы таңдау жасай білулеріне, жаңалық ашуға, өзі қабылдаған шешіміне жауапкершілікпен қарауына дайындаулары қажет.
Заманауй ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларда өзіндік когнитивті әрекеттесу дағдысы мен оқу біліктілігін қалыптастыру – білім берудегі басты факторлар болып саналады.
Сондықтан, қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістер баланың жеке тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталған жаңа оқу мақсаттарын құрастыруды талап етіп отыр.
Пиаженің пікірінше, оқытудың негізгі мақсаты – алдыңғы буынның жасағандарын қайталамай, өздігінен жаңалық аша білетін ұрпақты тәрбиелеу.
Джон Дьюи – атақты философ және педагогтың айтуынша, біз бүгін балаларды кешегідей оқытатын болсақ, оларды болашақтарынан айырады екенбіз.
Осы орайда, Кіріктірілген білім беру бағдарламалары жүйелі-әрекеттесу тәсіліне бағытталып, онда оқушылардың дайын білімді алмай, өздері оқу-танымдық іс-әрекет жасауына негізделіп құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың оқуы, жобалық және зерттеушілік іс-әрекеттері негізінде оқушылардың өздігінен академиялық дайындығы мен өздігінен жұмыс жасауын біріктіруді қамтамасыз етеді. Тығыз пәнаралық байланыс, практикалық-бағыттаушылық, оқу пәндері мазмұнының өмірмен байланысы оқушыларда қоршаған ортаны толық қабылдау мен меңгеретін білімдері мен дағдыларының функционалдығын қалыптастыруға көмек жасайды.
Біздің ең басты жетістігіміз – оқу мен тәрбиені Мәңгілік ел құндылығы негізінде біріктіре алуымыз. Тәрбиелік жұмысқа жеке пленарлық жиналыс арналып отыр.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын апробациялау олардың тиімділігін көрсетті. Өткізілген мониторинг нәтижелері оқушыларда пәндік білімдері мен біліктіліктерінен басқа анализдеу, синтездеу, сыни ойлау, білімдерін шығармашылықпен қолдану және басқа дағдыларының дамығандығын анықтап отыр.
Біздің дұрыс бағыт алғанымыздың тағы бір көрінісі – Қазақстандағы орта білім беру саласына шолу жасаған (2014 ж) ЭЫДҰ эксперттерінің келесі пікірлері: «Назарбаев Зияткерлік мектептері өз оқушыларын ғылыми зерттеу жүргізу, мәселені шешу мен сыни ойлау дағдыларын үйретуге талпындыруда. Сонымен бірге оқушылардың үлгерім деңгейін анықтау мен жетістіктерін бағалау үдерісінде Зияткерлік мектептер оқушылардан ойлау дағдыларының барлығын талап ететін критерийлерді қолданады».
Осылайша, халықаралық деңгейде мойындалған және еліміздің зияткерлік меншігі болып табылатын инновациялық білім беру бағдарламасы жасалды.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларының енгізілу үдерісін жүйелі мониторингтеу көптеген мәселелерді айқындап отыр.
Мысалы, кейбір мұғалімдер оқу бағдарламалары мен жоспарлардағы пәнаралық кіріктіруді практикада тиімді жүзеге асыра алмайды.
Осы ретте, мұғалімдерді жаңа әдіс-тәсілдер мен оқытудың жолдарын үйретумен бірге өздігінен білім алу мәдениетін, менторлық дәстүр мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру жұмысын жалғастыру қажет. Мұғалімдердің өз істерінің кәсіби білікті мамандары болуымен қатар, аналитик және өз тәжірибесінің зерттеушілері болғаны абзал.
Оқу бағдарламаларының мазмұнына тоқталсақ, артықшылығымен қатар, кемшіліктері де кездесуде, олар қазіргі кезде қайта қарастырылуда.
Мәселен, қазақ және орыс тілдерінде жазбаша және ауызша тілді сауатты қолдану дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуының қаупі бар. Осыған байланысты оқу бағдарламаларындағы грамматикалық бөлімге басым назар аударылуда.
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша физика, химия, биология пәндері арасындағы мазмұнының үндесуі мен сабақтастықтығын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары қайтадан қарастырылуда.
Негізгі мектептің математика пәні бойынша кейбір материалдардың қайталануына байланысты оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді, бұл жоғары мектеп бағдарламасына халықаралық деңгейдегі емтихандарға оқушыларды дайындауға қажетті тақырыптар мен бөлімдерді кіргізуге мүмкіндік берді (SAT, SET және т.б.).
Жалпы оқу бағдарламалары мен жоспарларына енгізілген өзгерістердің барлығы оқыту үдерісінің нәтижелігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Апробация үдерісінде мазмұнға түзетулердің енгізілуі қалыпты жағдай болып саналады. Себебі, мектептегі білім беру мазмұны үздіксіз өзгерістерді талап етеді.
Көптеген елдер өздерінің стандарттары мен бағдарламаларын жүйелі түрде жетілдіріп отырады. Мысалы, Филяндияда 2016 жылдан бастап жаңа Ұлттық куррикулум үлгісі енгізіледі. Оның ерекшелігі «феноменге негізделген оқыту» – «пәндерден» пәнаралық тақырыптарға көшу, өйткені қазіргі оқушылар шынайы өмірлік мәселер туралы кіріктірілген білімдер мен дағдыларды қажет етеді. Біз де Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын осы бағытта жетілдіруді жалғастыруымыз керек.
Жаңа оқу жылында 3 және 10-сыныптарда оқу бағдарламалары апробациядан өтеді. Осылайша, біз олардың негізгі мектептегі және екі жылдан кейін бастауыш мектептегі апробацияны аяқтаймыз. Сонымен қатар, Білім беру бағдарламасын шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, ал жоғары мектептегі оқушылардың нәтижелерін қазақстандық жоғары оқу орындарымен мойындалуын жалғастырамыз.
Элективті курстар оқушылардың сыни оқу мен жазу, дизайндық-ойлау, шығармашылық шешім шығару және ойлап табу дағдыларын дамытуға, ментальді математиканы оқуына негізделіп құрылған, олар адамға қызмет көрсету үшін өнім шығарудың инновациялық әдістерін меңгертуге бағытталған.
Бизнес-консультант Роджер Мартиннің айтуынша, иннованция бізге әлемнің қандай екенін көру үшін емес, оның қандай болуы мүмкін екенін көру үшін қажет.
Бірде Энштейн: «Біз бүгінгі мәселелерді шешу үшін осы күнге дейінгі қалыптасқан ойлауымыз жеткіліксіз» деген болатын. Қазіргі әлемде «куып жетіп даму» өзекті емес.
Құрметті ұстаздар!
Жүзеге асып жатқан білім мазмұнының қаншалықты тиімді екенін оқушылардың оқу жетістктерінен көруге болады.
Жыл сайын 12-сынып оқушылары IELTS халықаралық емтиханын тапсырады. Барлық мектеп бойынша орташа балл 5,8 құрады, ал емтиханды үш жылдан артық беріп келе жатқан мектептердің орташа балы 6,1-ны құрады. Емтихан берушілердің жалпы санынан 729 оқушы немесе 42,9%-ы 6 орташа балды не одан жоғары нәтижені көрсетті. Оның ішінде, 7 ден 8 балға дейінгі жоғары нәтижені 149 оқушы немесе 8,8% көрсетті.
Зияткерлік мектептерінің оқушылары өз таңдаулары бойынша SAT-1 және SAT-2 халықаралық емтихандарын тапсырып, АҚШ-тың ең танымал жоғары оқу орындарына түсуге жеткілікті нәтижелерге ие болды.
Екі жыл бойы біздің оқушылар КХЭК құрастырған және А-level Халықаралық емтиханына теңестірілген сыртқы бағалауға қатысты.
Академиялық адалдық принциптерін сақталуы үшін үлкен жұмыс атқарылды. Оның нәижесінде емтихандар талаптарға сай жүргізіліп, 10 мектеп оқушыларының барлығы КХЭК сертификаттарын алды.
Осы емтихандардың қорытындысы бойынша 37 оқушы өте жоғары нәтиже көрсетіп, бірден Назарбаев Университетінің бірінші курсына қабылдануға үміткерлер атанды. Осы жылдың 36 түлегі Foundation оқымай, бірден бірінші курсқа қабылданды.
Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің түлектері алғаш рет Халықаралық Бакалавриат емтихандарын тапсырды. 41 оқушының 37-сі Халықаралық Бакалавриат Дипломын алды, бұл 90,2% құрайды, ал 2014 жылы әлем бойынша ХБ Дипломының иегерлері 79% ғана иеленген болатын, олардың өзгешеліктері, ағылшын тілі олар үшін ана тілі болып келеді.
Емтихан нәтижелері көрсеткендей оқушыларда сауатты оқу дағдысы жеткіліксіз дамығаны байқалды, бұл барлық пәндер бойынша тапсырмаларды орындау сапасына өз әсерін тигізді. Ал оқу сауаттылығы немесе түрлі материалдарды саналы түрде оқу Ғаламтор және заманауй технология дамыған шақта өте маңызды. Ақпараттың мол болуына байланысты балалар «толқынды кесіп өтетін серфингистер сияқты» тереңіне үңілмей, материалды үстіртін оқиды.
Сонымен бірге, емтиханда оқушылар физика, химия, биология –ғылымдары кіріктірілген тапсырмаларды орындауда, математика бойынша есептерді шығарған кезде физика мен экономика бойынша білімдерін кіріктіруде, кесте, сурет, графиктермен жұмыс жасауларында, әр түрлі үдерістер мен құбылыстарды сипаттауда, себеп-салдар байланысын түсіндіруде дағдылары жеткіліксіз екендігі байқалды.
Емтиханның практикалық бөлімін орындауда уақытты тиімді үлестіруді дұрыс ұйымдастырып, эксперименталдық іс-әрекет дағдыларын одан әрі дамытуымыз қажет. Есептерді шығаруға қажетті инженерлік калькулятор мен қосымша әдебиеттерді қолдануды үйретуіміз керек.
Бірінші және екінші тілдерде тілді сауатты қолдану үрдісінің төмендеуін де атап кеткен жөн.
Осыған орай, оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізудің қажеттілігін тек мониторингтер нәтижесі ғана емес, емтихандар нәтижесі де айқындап отыр.
Бағалау – балалардың оқу деңгейін, туындайтын мәселелерді және оқыту мен оқу үдерісін жақсарту жолдарын анықтау үшін қажет.
Сол себепті, мұғалімдердің емихан нәтижелерінің сандық көрсеткіштеріне тиянақты талдау жүргізулері, ағымдағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың ұйымдастырылуын сыртқы жиынтық бағалау талаптарына сәйкестендірулері қажет.
Әрбір пән бойынша Кіріктірілген білім беру бағдарламасында МЖМББС жоқ тақырыптар бар. Емтихан нәтижесінен оқушылардың тапсырма орындау кездерінде дәл осы тақырыптар бойынша ең көп қиналғандары байқалады. Мұғалімдердің өздері жоғары оқу орындарында өтпеген тақырыптары бойынша оқушыларды оқытуға дайын емес.
Осы мәселелердің барлығы мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру кезінде ескерілу керек.
Құрметті әріптестер!
Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жүйесі өз дамуында «қалыптасу» және «өсу» кезеңдерінен өтті.
Бүгінгі таңда «кемелдену» кезеңіне жетіп, БАЖ білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістерге бейімделіп отыруына дайын болуы қажет.
Біліктілікті арттыруды жоспарлауда әр түрлі категориялы мұғалімдерді ескерген жөн: жаңадан алынған, ассистент-мұғалімдер, сертификатталған мұғалімдер, өз педагогикалық шеберліктерін шыңдауға дайын мұғалімдер, кураторлар, психологтар, кәсіптік бағдар бойынша кеңесшілер.
Осы мақсатта өзіміздің адам ресурстарын толық қолданылып, 420 сертифкатталған тренер-мұғалімдер мен Назарбаев Университетінің 24 алғашқы түлектерін белсенді қатыстырылады.
Біз мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін арттыру жұмысын оұдан әрі жалғастырудамыз. Өткен жылы Зияткерлік мектебінің жеті мұғалімі жоғары импакт-факторлы халықаралық ғылыми конференцияларға шақыру алды және қатысты.
Бүгінгі таңда оқушылардың назарларын аударуға бағытталған жаңа технологиялардың жедел дамуына байланысты балалардың сұраныстарын өтейтін жаңа курстар қажет. Сол себепті, мұғалімдерді жазылым мен сыни ойлауға, ментальді математика, дизайндық-ойлау, өнертапқыш тапсырмаларын шешу теориясына оқытуды жалғастыру керек.
Мұғалім өзі оқу үдерісінің жобалаушысы, дизайнері болғанда ғана өз оқушыларының қажеттілігін біледі, өз шығармашылық қабілеттерін сыныпта туындаған мәселелерді шешуге бағыттайды. Жауапкершілікті өзіне алғанда ғана мұғалім өз оқушыларының өмірлеріне әсер етіп, олардың дамуларына үлесін қосады.
Біліктілікті арттыру курстарындағы оқыту мен педагогикалық еңбек сапасының тиімділігі, қараша айында өткізілетін, педагогикалық қызметкерлерді аттестатаудың жаңа жүйесін қолдану арқылы бағаланады.
Құрметті әріптестер!
Біз адамның өмір бойында сақталатын серпінді, үздіксіз және қарқынды даму ғасырында өмір сүрудеміз.
Бүгінгі таңда табысты, жан-жақты дамыған тұлға тек білімді, мақсатына жете білетін, адамгершілігі мол, әлеуметтік және кәсіби дұрыс таңдау жасай алатын жоғары білімді, білікті шебер ғана болып қоймай, сонымен бірге маңайындағы адамдармен тіл табыса алатын, ширақ ойлайтын, қиындықтарға мойымайтын, ортаға бейімделгіш және қоғамда өз орнын таба білетін тұлға болуы шарт.
Әлемде адамдардың психологиялық ахуалы асқындай бастады. Әсіресе оған балалар мен жастар аса сезімтал.
Сарапшылар осы мәселелердің ішінде ең бастысы ретінде дұрыс тамақтанбау, ақша мен байлыққа, ақпараттық технологияларға тәуелділік (ғаламтор және гаджеттер), қатыгездік, психикалық ахуалының нашарлығы, депрессия, эмоциялық құлдырау және басқа факторларды атайды.
Электрондық ғаламтор желілеріне балалардың жалпы қызығушылығы олардың ойлау қабілеттеріне және бір-бірімен қатынасуына кері әсерін тигізеді және үстіртін ойлауларына әкеледі.
Бұл қазіргі педагогтардан балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық дамуы туралы терең білуін талап етеді.
Мектептегі психологтың негізгі жұмысы мектепте оқушыларға және олардың отбасыларына оқу мен жеке-әлеуметтік мәселелерді шешеуге, жеке тұлағаның өсіп дамуына қажетті білімдік және кәсіби даму жолын таңдауда білікті көмек көрсету болып табылады.
Дәл уақытында көрсетілген психологиялық көмек оқушыға өзінің эмоциясын, жігерін және танымдық белсенділігін жинақтап, мүмкін болатын қиындықтарды жеңуге, қажетті оқу біліктерін қолдануға көмектеседі. ДББҰ Басқармасы шешімімен Ситуациялық орталық құрамында Психологиялық қызмет құрылды, олар оқушылар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау көрсетеді.
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өзіндік дамуындағы әлеуметтік табысты тұлға болуының шарты - жаңа инновациалық әдістер негізіндегі педагогикалық үдерістің психологиялық қолдауы болып табылады.
Құрметті әріптестер!
Оқушылардың дағдылары мен қабілеттерін дамытуда біз жазғы демалысты жеткіліксіз қолданып отырмыз. Дәстүрлі қалыптасқан жобалармен бірге жазғы мектептің беретін мүмкіндіктерін кеңейтуіміз қажет. Осы мақсатта әлемдегі үздік жоғарғы оқу орындарының тәжірибелері зерттелуде. Қазіргі кезде Малайзиядағы Abacus Mental ұйымы және Беркли, Стенфорд университетімен бірлескен тренерлерді дайындау, жазғы мектеп бағдарламасын дайындау бойынша жұмыс тобы құрылды.
Құрметті әріптестер!
Түлектеріміз ересек өмірде табысты болғанда ғана біз табысты мектеп бола аламыз. Табысты болудың негізгі ұстанымы – дұрыс мамандық таңдау.
Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түсуге дайындау мақсатында әрбір түлекке кәсіптік бағдар беруіміз қажет.
Өткен оқу жылында оқушыларды бейімдеудің жаңа әдістеріне инспекорларды оқытқан болатынбыз.
Жоғары оқу орындарына және мамандықты таңдау бойынша түлектермен және ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 307 түлек (18%) Назарбаев Университетіне түсті, оның ішінде 36 түлек бірінші курсқа алынды. 1192 түлек немесе 70% басқа қазақстандық жоғары оқу орындарына түсті. 61 түлек немесе 4% көршілес үш елдің жоғарғы оқу орнындарына түсті, 139 немесе 8% шетелдегі 17 елдің жоғары оқу орындарына түсті.
Оқуға түскен түлектердің жалпы санынан 1553 немесе 91% Грант иегерлері атанды, оның ішінде 153 оқушы – әлемнің 14 елінде халықаралық грант иегерлері.
Оқушыларға және ата-аналарға жоғары оқу орындары мен мамандық таңдауда сауатты консультатциялық қолдау көрсету үшін кәсіптік бағдар беруші инспекторлар тілді жетік білулері керек, жоғары сыныптарда бейінді пәндерді таңдауға көмектесіп, жоғары оқу орындардың талаптарымен таныс болып, оқуға түсу үшін құжаттарды дайындау мен тіркеуге көмектесулері қажет.
Құрметті мұғалімдер!
Соңғы екі жылда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру мазмұнын еліміздің білім беру жүйесіне трансляциялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
Бастауыш білім беру стандарты (МЖМС БББ), 17 оқу бағдарламалары, 12 оқу жоспарлары, 20 критериалды бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Жалпы білім беретін мектептердің 100 мұғалімдеріне 117 семинар өткізілді, пилоттық мектептердің 120 мұғалімі және еліміздің 40 ғалымы осы семинардарда дәріс алды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында 30 пилоттық мектептерде Білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациядан өткізуді бастайды.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жұмыс жасау үшін ПШО қысқамерзімді курстарында пилоттық мектептердің 556 мұғалімі, 84 директорлары мен директордың орынбасарлары оқытылды. 535 мұғалім критериалды бағалауды қолдану технологиясын меңгерді.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациядан өткізудің мониторингтеуі үшін 184 маман дайындалды. Оның ішінде: Білім беру министрлігі және Ұлттық Академия, облыстық білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдер, әдістемелік бөлімдер және ПШО аймақтық өкілдері.
Білім берудің мазмұнының жаңаруы – біз үшін жоғары ұйымдастырушылықты, жауапкершілікті, тәртіпті, әрбір қызметкердің бейімделгіш болуын, ұжымдық бірлік, өзара қолдау мен өзара түсінушілікті қажет ететін үлкен жауапты сын болып отыр.
Бәріміз бірлесіп Білім беру Министрлігі, Ұлттық Академия, облыстық білім беру басқармалары, пилоттық мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасауымыз керек.
Жалпы білім беретін мектеп басшылары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысы өз жалғасын табуы қажет.
Құрметті әріптестер!
20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлығы ашылды. Оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін Мемлекет басшысы, Ел үкіметі, Қамқоршылық кеңесіміз барлық жағдайларды жасап берді.
Бізге жаратылыстану-математикалық ғылымдарын меңгеруге қабілеті бар оқушылар түсуде. Біз сол балалардың, ата-аналардың, жалпы қоғамның алдымызға қойған міндеттерін ақтауымыз қажет!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Сіздерге жұмыста табыс және жетістіктерге жете берулеріңізді тілеймін!
Назарларыңызға рахмет!