Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушысы Сұлтан Саумбаев Польша өткен каратэ-додан әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды


Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Сұлтан Саумбаев кекушинкай каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медалімен поляктің Краков қаласынан оралды.

 

 

Каратэні 5 жасынан бастап жанына серік еткен Сұлтан жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасы қатарын толықтырды. Түрлі ұлттық турнирлерде бірнеше рет құрмет тұғырын көрінді:

 

 

– Каратэ мені шыдамдылық пен сабырлыққа баулыды. Әлем чемпионатында бақ сынауыма күш салған бапкерім Жәнібек Джулдасовқа алғысым шексіз.

 

 

Кекушинкай каратэ-додан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты биыл Польшада өтті. Жарысқа 32 елден 700-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан намысын 27 каратэші қорғап, 8 медаль жеңіп алды.

 



Қаралым: 112
Жарияланған: 29 Қараша