Жаңалықтар

Дариға Назарбаева Қостанайдағы NIS оқушылары Дария Шунушева мен Ботагөз Хакимоваға «Елбасы медалін» табыс етті


Елбасы медалі иегерлерінің қатарына NIS–тің екі оқушысы қосылды –Қостанайда құрмет наградаларын Тұңғыш Президент Қорының директоры Дариға Назарбаева табыстады.
 
Тұңғыш Президент қорының директоры, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Қазақстан үшін бірегей жобалар іске қосылған «Ел үміті» бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысты: «Мың бала» ауыл балаларына арналған зияткерлік олимпиадасы, балалар мен жасөспірімдерді «Елбасы медалімен» марапаттау бағдарламасы, сондай-ақ бүкіл ел бойынша жұмыс істей бастаған «Qabilet қызметі». Жоба мақсаты – «4К» диагностикалау жүйесі арқылы жас таланттарды қолдау үшін қабілеттер мен дағдыларды анықтау: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және әріптестік. 
 
«Елбасы медалі» жобасының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесуге Зияткерлік мектеп оқушылары Дария Шунушева мен Ботагөз Хакимова қатысты. Қостанайдағы NIS-тің 9-сынып оқушысы Жансерік Қалиола «Таланттар мен дағдылар» бағытында қола медаль жеңіп алып, спорттағы және дебаттық турнирлердегі жетістіктерімен бөлісті.
 
Облыста «Ел Үміті» бастамасын іске асыруды өңірлік үйлестіруші мен сарапшы, сондай-ақ 18 тәлімгер қамтамасыз етеді, олардың арасында Қостанай қаласындағы NIS-тің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары Изат Жарбулов пен Ратбек Қазман бар.


Қаралым: 297
Жарияланған: 18 Қазан