Жаңалықтар

«Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз»


Тура бір айдан соң NIS-те «Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталады. Жиын 2021 жылдың 11-12 қараша күндері онлайн форматта өтеді.

NIS Халықаралық конференциясы – еліміздегі және әлемдегі заманауи білім берудің ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған кәсіби платформа.

Биылғы жылғы конференцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, ЭЫДҰ және ЮНЕСКО сарапшылары, сондай-ақ АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей және басқа да шетелдік спикерлер қатысады. Басты назарда – балаларды оқытудағы мектеп пен отбасының рөлі, инновациялық білім беру мәдениетінің қазіргі қоғамдық өзгеріске әсері, сондай-ақ оқушылардың әл-ауқаты үшін мектептерді дамыту.

Конференцияға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://conf.nis.edu.kz/registration_form/

 



Қаралым: 377
Жарияланған: 12 Қазан