Жаңалықтар

Шымкенттік физика-математика бағыттағы NIS оқушылары SAT халықаралық емтиханында жоғары нәтиже көрсетті


 Емтиханның басты қаһарманы 12 «А» сыныбы оқушысы — Әлихан Мадали. Ол SAT Reasoning бойынша бекітілген 1600 баллдан 1510 жинады. Бұдан бөлек, оның алдында тапсырған SAT Subject емтиханында математикадан ең максималды 800 және физика бойынша 800-ден 790 балл алған болатын. Мұндай жоғарғы көрсеткішке оқушы өзінің талмас еңбегі мен қатаң тәртіптің арқасында қол жеткізген.

- Менің емтиханға дайындығым карантиннің басталуымен тұспа-тұс келді. Біраз уақыт өз бетімше дайындалып, сынақ емтихандарынан өттім, ережелер мен сөз тіркестерін жаттадым. Менің басты мотивациям карантин жағдайында жоғары балл жинау болды, - дейді Әлихан.

Сондай-ақ, отандық және шетелдік ЖОО-на түсу мүмкіндігін арттырып, халықаралық емтиханда жоғары балл жинаған оқушылардың қатарында Камила Мұрат, Мағжан Төребек, Асылжан Алтай, Аружан Естимесова, Нұрай Джамбулатова, Мұхит Бердіқұл, Нұрлан Боранбай, Нұрай Каимова, Бекжан Аманбек, Айсұлтан Жангубек, Ғазиза Мәди, Жәнібек Омаров, Әлмен Төленді және Ерсұлтан Ерболат бар.

 



Қаралым: 1732
Жарияланған: 17 Қырқүйек