Жаңалықтар

Түймаада – 2021: Альтаирдың якут алтыны


Альтаир Ашуровтың алтыны, 2 күміс, 4 қола – «Түймаада – 2021» халықаралық олимпиадасындағы NIS-тің нәтижесі

Оқушылардың «Туймаада» Халықаралық олимпиадасы 24 шілде мен 3 тамыз аралығында онлайн режимде өтті. Жеті елден қосылған 250-ден астам қатысушы математика, физика және информатика пәндерінен ең күрделі есептерді шешуде бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қоржындарын жеті медальмен толықтырды, оның ішінде бір алтын, екі күміс және төрт қола, сондай-ақ екі грамота бар.

Алтын:

Альтаир Ашуров, Нұр-Сұлтан қ. ФМБ NIS– информатика

 

Күміс:

Мухаммадариф Сахмолдин, Алматы қ. ФМБ NIS – информатика

Нұрасыл Әбдіразақ, Алматы қ. ФМБ NIS – математика

 

Қола:

Альдинаш Сейтенов, Алматы қ. ФМБ NIS – математика

Ақерке Нұрахметова, Алматы қ. ФМБ NIS – математика

Артур Николаенко, Алматы қ. ФМБ NIS – физика

Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласындағы NIS – физика

 

Грамота:

Ернар Садыбеков, Алматы қ. ФМБ NIS – информатика

Арсен Нәрік, Алматы қ. ФМБ NIS – математика

 



Қаралым: 1328
Жарияланған: 03 Тамыз