Жаңалықтар

Жапония, IChO – 2021: NIS-тің қос аргентумы


Хайдар Каирбек пен Санжар Бисенәли International Chemistry Olympiad – 2021 күміс медальдарын жеңіп алды.

Қазір әлемнің ең үздік спортшылары күш таластырып, бақтарын сынап жатқан Жапонияда, зияткерлік олимп үшін де шайқас болды. Биыл 53-рет өткен Халықаралық химия олимпиадасы 84 ел мен өңірдің оқушыларын қашықтан форматында біріктірді. Дәстүр бойынша, жарысқа теориялық және практикалық турлар кіреді, олардың әрқайсысы бес сағатқа созылады, алайда онлайн формат тек теория туралы білімді тексеруге мүмкіндік берді. Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Хайдар Каирбек пен елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Санжар Бисенәли тапсырмаларды сәтті орындап, күміс жүлдеге ие болды.

–  Барлық қатысушылармен бірге біз химия пәнінен ең маңызды олимпиадаға мұқият дайындалдық, үмітіміздің ақталғанына қуаныштымыз. Жарыстың деңгейі мен ауқымына  зер салсақ тапсырмалардың қиын болуы заңды құбылыс,  бірақ біз командамен дайын болдық. Бізді барынша қолдайтын жаттықтырушыларымызға, ұстаздарымызға және ата-аналарымызға алғысымыз шексіз, – деп атап өтті Хайдар Каирбек.

 



Қаралым: 1278
Жарияланған: 03 Тамыз