Жаңалықтар

Жаңа жағдайдағы білім беру еліміздің үздік журналистерінің көзімен


Қазақстан журналистикасы күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Білім беру тақырыбындағы материалдарды республикалық және өңірлік БАҚ-тың 110-нан астам корреспонденті, сондай-ақ фрилансерлер ұсынды. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі жанрдағы 500-ден астам материал келіп түсті.

Телеарналар, газеттер, Интернет-порталдар, радиокомпаниялар еліміздің медиа кеңістігінің сан алуандығын аңғартады: Хабар 24, КТК, Qazaqstan, 31 арна, Хабар, Бірінші канал Евразия, Еgemen Qazaqstan, Время, Forbes, Казахстанская правда, Караван, Білімді ел – Образованная страна, Экспресс K, Kazinform және басқа да танымал БАҚ-тар. Көптеген жұмыстарды ең белгілі редакциялардың журналистері ұсынды. ⠀

Жұмыстарды құрамына Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Аида Балаева; Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров; «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі; «Пресс-служба» журналының бас редакторы, «Пресс-служба года» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы Тимур Асланов (Ресей Федерациясы); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің басшысы Мира Алипинова енген беделді қазылар алқасы сарапқа салды.

–   Байқаудың мақсаты –  жаңа жағдайда қазақстандық мектепті ақпараттық қолдау, – деп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова  журналистер қауымын құттықтады.

Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев пандемия кезінде білім беру мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін журналистердің жауапкершілігі арта түскенін атап өтті.

Әріптестердің әріптесі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров пен «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қатысушыларды құттықтап, марапаттарын табыс етті.

Зияткерлік мектеп оқушылары журналистерге арнап мерекелік концерт дайындады, онда NIS-тің үздік шығармашылық ұжымдары: Орал және Ақтөбе Зияткерлік мектептерінің би ансамбльдері, елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің домбыра оркестрі және өскемендік жас вокалистер өнер көрсетті.

Журналистерге арналған келесі байқау NIS жүйеcінің 15 жылдығына орай 2023 жылға жоспарланған.

 



Қаралым: 1012
Жарияланған: 25 Маусым