Жаңалықтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021 жылғы 7 маусымда Халықаралық Бакалавриат Зияткерлік мектебінде емтихан кезінде бактерияға қарсы шам қосулы болғанын растайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021 жылғы 7 маусымда Халықаралық Бакалавриат Зияткерлік мектебінде емтихан кезінде бактерияға қарсы шам қосулы болғанын растайды. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Барлық кінәлілер жазаланады. ⠀⠀⠀

2021 жылғы 8 маусымда балалар медициналық тексеру үшін емтиханнан босатылды. Емделуге және оңалтуға қажетті барлық шығындарды дербес білім беру ұйымы өтейтін болады. ⠀⠀
Барлық Зияткерлік мектептерде бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқамалар жүргізіледі.⠀⠀
⠀⠀


Қаралым: 412
Жарияланған: 08 Маусым