Жаңалықтар

Бүгін Алматыдағы NIS-те Photo camp — 2021 өз жұмысын бастады


Назарбаев Зияткерлік мектептері мен National Geographic Photo camp бірлескен жобасын бастады. Алдағы 5 күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық зияткер оқушы мен фотоүйірме жетекшілері тарихы 1888 жылы бастау алған әйгілі журналдың  фотографтарынан білім алып, зерттеушілік дағдыларын арттырмақ.

— National Geographic – сапалы мазмұнмен және ең жақсы фотосуреттермен ерекшеленетін бренд журнал. Бұл Зияткерлік мектептермен бірлескен алғашқы жоба. Курс бағдарламасы фотоөнермен байланысты көптеген тақырыптарды қамтиды. Photo camp қатысушылары алған білімдерін алдағы уақытта тиімді пайдаланып, өзге оқушылармен бөліседі деп сенеміз, - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Фототүсіру әлеміне 5 күндік саяхат барысында қатысушылар танымал фото мамандарынан сабақ алып, практикумдарда білімдерін жетілдірмек. Көптеген қызықты кездесулердің бірі — неміс фотограф Герд Людвигпен арнайы семинарда қатысушылар «сторителлинг» танымал жанрымен жақынырақ танысады.

National Geographic Қазақстан өкілі журнал мен оның жұмысы туралы жалпы ақпарат берген Қанат Абашов балалардың алдағы уақытта зерттеушілік дағдыларын арттыруына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

«National Geographic» журналы 1888 жылдан бері 80 мемлекетте 38 тілде таралады. 

 

 

 



Қаралым: 93
Жарияланған: 31 Мамыр