Жаңалықтар

Робототехника бүкіл әлемге үлкен серпіліс әкеледі


NIS-тің робототехника саласындағы ең үздік жобалары мен олардың авторлары Дортмунда өткен 2022 жылғы WRO-да таныстырылды.

2014 жылдан бері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Дүниежүзілік робототехника олимпиадасының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі ретінде қызмет атқарады.

– Осы уақыт ішінде елдегі және әлемдегі робототехника саласы дамудың жаңа кезеңіне өтті, оны жобалар да, жас инженерлер мен бағдарламашылардың деңгейі де растап отыр. WRO пандемиядан кейін Дортмунд қаласында дәстүрлі форматқа оралды, бұл қатысушыларға үлкен шабыт бере отырып, робототехниканың бүкіл әлемге серпіліс әкелетініне сенім ұялатады, – деп атап өтті қазақстандық делегацияның басшысы, NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов.



Қаралым: 180
Жарияланған: 23 Қараша