Жаңалықтар

NIS мұғалімдері Шолпан Абишева мен Жаннұр Мауытова 2022 жылғы «Үздік педагог» атағына ие болды


2022 жылғы «Үздік педагог» ұлттық байқауында мұғалімдердің жұлдызды командасына Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп өкілі Шолпан Абишева мен Ақтау қаласындағы NIS-тен Жаннұр Мауытова енді.

Химия пәнінің мұғалім-модераторы Шолпан Абишева оңтүстік астанадағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте білім ордасы құрылған сәттен бастап жұмыс істейді. Оның шәкірттерінің қатарында халықаралық, республикалық және желілік олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары бар, соның бірі – Еңлік Бақытбекова халықаралық ТУЙМААДА-2022 олимпиадасының алтын медалін еншіледі. Үздік педагогтің кәсіби портфолиосы табысты және креативті әзірлемелерге толы, соның ішінде 2019 жылғы республикалық байқаудың «Үздік авторлық бағдарламасын» атап өтуге болады.

Ақтаудағы Зияткерлік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова педагогтің кәсіби дамуының жеке траекториясын ұсынды, қазылар алқасы ұстаздың бірқатар жобасының авторлық құқыққа ие екендігін назарға салды.

2022 жылы еліміздің 5 мыңнан астам үздік мұғалімі республикалық байқауда бақ сынады. Шолпан Абишева мен Жаннұр Мауытова Зияткерлік мектептердің жоғары стандарттары мен NIS мұғалімдерінің жүйелі кәсіби дамуын растады.



Қаралым: 95
Жарияланған: 23 Қараша