Жаңалықтар

Оңтүстік-Шығыс Азия білім министрлері Альянсының өкілдері Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-те STEM білім беру мен робототехниканың жоғары деңгейіне тәнті болды


Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің білім министрлерін біріктіретін альянс – SEAMEO өкілдері Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте STEM білім беру мен робототехниканың жоғары деңгейіне тәнті болды.

Үш жыл бұрын құрылған SEAMEO орталығының миссиясы – STEM-ED-ті жүйелі дамытып, бүгінгі таңда сұранысқа ие бағыттың әлеуетін арттыру және мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады, сондықтан STEM және робототехникаға қатысты білім беру жобалары шетелдік делегацияның үлкен қызығушылығын тудырды. Альянс өкілдеріне NIS Engineering техноториясы ерекше әсер қалдырды, зияткерлер роботтардың үш жиынтығын, оның ішінде экологиялық мәселелерді шешетін көміртек ізін бақылауға арналған трансформер-роботты ұсынды.

– Менің командам 2022 жылғы FIRST GLOBAL CHALLENGE ұлттық байқауында үздік нәтиже көрсетті, біз роботтарды әзірлеу бойынша тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Бұл бізді одан әрі белсенді жұмыс істеуге және ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге шабыттандырады, – деді 11-сынып оқушысы Марғұлан Тұрғанбек.

SEAMEO өкілдері мектеп оқушыларының робототехника саласында айтарлықтай жоғары деңгейге жеткеніне таңданып, қуанышын жеткізді.

– Адамдар мен қоршаған ортаға көмектесу үшін осындай жобаларды құруға және қолдануға деген ұмтылыстарыңыз өте ұнады. Таңертеңнен кешке дейін, тіпті түні бойы жұмыс істеуге шыдамдылық пен күш-қуаттың бары да таңқалдырды. Оқушылардың ой шегарасынан шығып, жарыстарға арналған жеке жиынтықтар жасап, жалпы стандартқа сай емес шешімдер қабылдауға тырысқандары қуантады, – деп атап өтті SEAMEO өкілі Марк Уиндейл.

 



Қаралым: 1027
Жарияланған: 16 Қырқүйек