Жаңалықтар

NIS лингвистикадан халықаралық олимпиада жұлдыздарын қарсы алды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы International Linguistics Olympiad-2022 қатысушыларын әуежайда қарсы алды.  Елордадағы халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Аида Давлетова елге қола медальмен оралса, Павлодардағы NIS өкілі Ахмет Шайман құрмет грамотасымен марапатталды. Мәретұғырдан көрінген оқушыларды NIS-тің дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ құттықтады.

Қос зияткер де бұған дейін республикалық лингвистикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанып, әлемдік деңгейдегі білім байқауына Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алды.

IOL-2022 Ұлыбританияның Мэн аралында 24-30 шілде аралығында өтті. Қатысушылар убых, чам, нцъу, арабана, алабама және маньчжур тілдерін меңгеруден бақ сынасты.

 



Қаралым: 299
Жарияланған: 04 Тамыз