Жаңалықтар

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тің жас робототехниктері Англиядан қос алтын жүлде әкелді


Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің жас робототехниктері қазақстандық команда құрамында британдық триумфты қайталады. «NIS KYRAN x SWB» өз командаластарымен бірге FIRST Tech Challenge South East Regional Event байқауының алтын медалін жеңіп алды. Чемпиондар топтамасы қатарында қазылар алқасының екі марапаты бар – FIRST Tech Challenge South East Regional Event.

– Біз АҚШ-тағы әлем чемпионатынан кейін роботтың құрылымын түгелдей өзгерттік, алдыңғысынан әлдеқайда сенімді және жақсы жұмыс жасайтын жетілдірілген нұсқасын жасадық. Бұл механизмдер танк мұнарасы сияқты 360 градусқа айналады және заттарды алуға мүмкіндік береді. Біздің санатта әлемнің әр елінен 20-дан астам команда бақ сынады. Көптеген күшті жобалар болды, сондықтан команда жеңіске жету үшін 100% күш салуы керек болды. Біздің қолымыздан келді! – деп Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тің робототехникадан жаттықтырушысы Бекзат Инкаров қуанышын жеткізді.

Қазақстандық команда құрамында «Білім-Инновация» лицейі мен Haileybury мектебінің оқушылары болды.



Қаралым: 251
Жарияланған: 05 Шілде