Жаңалықтар

«Saver», «SenimPlus», «ULU-BOT» және басқалары әлемді өзгертеді


«SenimPlus» және басқалары әлемді өзгертеді


WRO-2022 ұлттық чемпионатының бірінші күні өз мәресіне жетті.
 
Жарысқа дайындық кезінде робототехниктер мен олардың тренерлері механика, электроника, бағдарламалау және басқа да ұқсас салаларға байланысты білімдерін пайдаланды.
 
Талдықорғандағы NIS-тен келген Жәния Жұматай мен Іңкәр Құрманбаева «Saver» құтқару құрылғысын ұсынды. Ал ақтаулық зияткерлер Диана Куванбай мен Данил Мухалев «SenimPlus» атанған робот-терапевті жасап шығарды. Өскемендегі IT-лицей оқушылары Әлімжан Рахметуллин мен Дмитрий Луговской өз роботына «ULU-BOT» деген есім берген, ұлу түрінде дайындалған аппарат науқастарға дәрі-дәрмектер мен алғашқы көмек құралдарын тасымалдауға көмектеседі.
 
Кіші негізгі санатта төрелік еткен Қазбек Әзірбаев биылғы жылғы қарсыластардың мықты екенін атап өтіп, бірінші күннің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың барын айтты. 
 
Ұлттық чемпионатқа балаларды қолдауға тек ата-аналар ғана емес, сондай-ақ өткен жылдардың қатысушылары да келді. 2018 жылғы World Robot Olympiad сайысында чемпион титулын жеңіп алған Артур Искаков жас роботехниктерге сәттілік тіледі.
 
Биыл республикалық чемпионатта экологиялық, медициналық және әлеуметтік жобалар сұранысқа ие болды.


Қаралым: 204
Жарияланған: 29 Маусым