Жаңалықтар

«Хабар» телеарнарасының меншікті тілшісі Аслан Абуталипов: Көкшетаудағы NIS-те алғаш рет құмырашы болдым


 – Кіреберістен-ақ бізді жай ғана құттықтау емес, толыққанды демалуға мүмкіндік беретін, бірнеше сағатқа өзіңнің журналист екеніңді ұмыттыратын керемет ойластырылған бағдарлама күтіп тұрғаны аңғарылды, – дейді «716.kz» ақпараттық порталының корреспонденті Оксана Матасова.

Көкшетаудағы NIS-те журналистер қолына қалам емес, саз бен киіз алып, құмыралар мен әдемі бұйымдар жасады. Облыстық «Kokshe» телеарнасының журналисі Жансұлу Жиенқұл өз әсерімен бөлісті:

– Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара журналистер қауымын бір серпітіп тастады. Қышпен жұмыс жасап, қолөнермен айналыстық. Күнделікті стресстік жағдайларды ұмытып, өзімді бала секілді сезінуге мүмкіндік сыйладыңыздар.

«Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Аслан Абуталипов осы кездесуде алғаш рет саз балшықпен айналысқанын атап өтті:

– Бүгін Зияткерлік мектепте құмырашы болдым, саз балшықтан түрлі формадағы ыдыстарды жасадым. Концерттік бағдарлама мен қойылған сауалдар ерекше есте қалды, мектептің жайлы атмосферасын көрдік. Мұнда білімге деген құштарлық, жаңа дүниелерге деген ашықтық энергиясын сезіндік.

Шырын Жұмабекова журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.



Қаралым: 119
Жарияланған: 28 Маусым